Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:09, 21 Сәуір 2022

Қонаевты қор қылмақ па?!

None
None

Экс-сенатор Ғани Қасымов Қапшағайға Қонаевтың атын беру бастамасы жөнінде пікір білдірді.

 – Қазір елдің бәрі «Димаш Ахметұлының қалдырған мұрасына оралуымыз керек. Оның есімін Қапшағай қаласына берейік», дегенді айтуда. Сонда біздің барлық жетістігіміз Қапшағайда ма? Астанамызды елді 30 жыл басқарған адамның есімімен атадық. Ал артында 74 қала, мыңдаған колхоз, жүздеген совхоз, әуежай, жолдар, теміржолдар қалдырған адамға Қапшағайдың атын бермекпіз. Ондаған казинодан басқа сол Қапшағайда не бар?! Міне, сол ойын-сауық, нашақорлар ордасында еліміздегі байлықтың 50 пайызын иемденген 162 байекеш ақшасын оңды-солды шашып, үлдемен-бүлдеге оранған өмірін көрсетеді. Ал біз осындай жерді Димаш Ахметұлының атымен атамақпыз», – деді Қасымов «Жер және қазба байлықтары халықтың игілігі: әр қазақстандыққа барлық ұлттық ресурстардан кепілденген табыс берілсін» атты дөңгелек үстел барысында.

Тегтер: