Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:51, 23 Маусым 2020

Қоңсылас жұрт қазақты неге мойындамайды?

    Тәуелсіздікке  қол  жеткізген 30  жыл  ішінде әлем Қазақстанды  таныды. Жаһан қазақ  деген ұлт барын білді.

Алайда біздің  ұлтүшін  ең өкінішті  дүние бар: ол – сырттан  қаңғып  келіп, қазақтың  жерінде пана тауып, қазақпен  қоңсылас отырған  өзге жұрттың  қазақты  мойындамауы. Яғни қазақтың  қонақжайлығын  міндетті деп тануы, тілін – тіл,мемлекет  заңын заң  деп, оншалықты  мойынсынбауы. Жердің  иесі қазақ екеніне пысқырмауы. Әрине, бұл  жазбамызда елімізде  отырған ұлттар арасына  сына қағып, от жағайық деген  пиғыл жоқ. Бірақ көзбен  көріп, көңілмен  тоқып отырған  жағдай  болған соң, айтпай  қалғың келмейді.  Әсіресе  Қордайдағы қақтығыспен,  күні кеше Ұйғырауданында  болған дүрбелеңнен кейініштегі запыранды  сыртқа  шығару ләзім  болып тұр. Қазақтың  көңіліне алаң кіргізген мұндай  оқиғаларбұған  дейін де  талай рет болған. Бәрін тізбелеп жату міндет емес. Бірақ  қазақ пенөзге  ұлттар арасындағықақтығыстардан  билік  қорытынды шығармады. Себебін іздемеді. Тек салдарымен  күресті. Сөйтіп,баяғы  «бірлігі  жарасқан ел» деген жалған,  жалпақшешей  ұранды жалғастыра берді.

      Мұның «жемісін» енді  көріп жатырмыз. Егер де  өзге жұрттанбұрын, билік қазақ  тілін, яғни  мемлекеттік тілді өзі  мойындағанда, жердің  иесі өзге емес, қазақ екеніне алдымен өздері  шүбә келтірмегенде өзгежұрт қайда  барар еді? Амалсыз,  тіпті күнкөрістің қамымен  мәжбүрлі түрде қарға тамырлы  қазақтың  осы  жердің  иесі екеніне мойынсынып,  қазақтың тілінмеңгерер еді. Амал нешік, «Жақыныңды жаттай  сыйла, жат жанынан  түңілсін» деген қазақы  тәмсілді билік өз қазағына    қолданбады. Ал  биліктің өз  қазағын сыйламайтынын көрген  өзге  жұрт қазақты  қалай  сыйласын?! Көп  мәселенің түйіні  осы. Ал негізгі  мәселеге көшсек, үрерге  иті, сығарға биті  болмай келгенкірмелердің қазақтың  кең  құшағы мен нанына  тойынған соң есіре бастағаны анық. Былайша айтқанда, «балақтағы бит басқа шықты»  деген  осы.  Оған ерік беріп отырған  тағы өзіміз. Тағы да  сол  «бірлігі жарасқан  ел»  деген ұранмен Қазақстанды  мекендеген  өзге диаспораны  жер иесі  қазақпен тең  қойдық. Бас-басынамектеп,  театр  т.б.  мәдени  ошақтар ашып бердік.Тілін, ділін,  дінін  дамытуға жол аштық. Мәдениетін, әдет-ғұрпын ұмытпасын  дедік. Осылайша мемлекеттік  тілді (қазақ  тілі) меңгертудің  һәм қазаққа сіңірудің  орнына кері  тептік. Қысқасы, өз  театры, өз  мектебі,  өз тілі бар өзге  ұлт  өкілдері қазақтың тіліне шекесінен қарамағанда  қайтсін. Мұның  бәрі, айналып келгенде, өзге  жұрттықазақтың  маңайына ұйыстыруға,  топтастыруға деген мемлекеттік  идеологияныңболмауынан. Бұл  биліктің жіберген  қателігі.

     Ақиқатын айтар  болсақ, кез келген уақытта  жарылуы мүмкін оқ-дәрі  толы  бөшкеге ұқсаған  елді мекендер еліміздежетерлік. Солтүстік пен шығыста ормандай қалың орыс (3 553 232) отыр,оңтүстікте бықыған (600 мың  көлемінде)өзбек, оңтүстік-шығысқа  қарай дүнгенмен  ұйғыр (дүнгендер – 60 мың,  ұйғырлар – 237 582) т.б. ұлт өкілдері оқшаулана күн кешіп  жатыр. Сондықтан этносаралық  саясатқа атүсті емес,  салмақ сала  байыппен қараған  дұрыс. Тарих жүлгегіне көз  салсақ, ұйғыр да,  дүнген де ХІХ  ғасырдың  соңына қарай Қытайдан  бас сауғалап келіп,қазақ  жеріне  қоныстана бастаған  жұрт. Тағы  бір дерек, ұйғырлардың  Алматыоблысынан  жер сұрап, автономияашуға  деген ниеті ертеден  басталған сыңайлы. Мәселен, 1947 жылы Қазақстан орталық комитетінің хатшысыШаяхметов Мәскеуге орталығын Жаркент  қаласы  етіп, Жетісу өңірінен  (Панфилов, Октябрь, Шілік, Еңбекшіқазақ,Ұйғыр, Нарынкөл және Кеген аудандары) ұйғыр автономиялық облысын құру жөніндехат жазғаны белгілі. Демек,  Ұйғырауданында  болған дүрбелеңнің  тамыры жастардың бір-біріне пышақ алажүгірген  бұзақы  қылықтарында емес, әлдеқайда тереңдежатыр  деуге  болады.

     Енді билік үлкен  өрттің алдын алу  үшін нақтыіс-шаралар  жасауы  тиіс. Соның  бірі – жергілікті  халықтың талабы  бойынша Ұйғыр ауданының және  оның орталығы Шонжының атын  өзгерту.Бұл  қазір  өте өзекті мәселенің  бірі болып  тұр.  Егер ниет  болса, Астананың атын біркүнде Нұр-Сұлтан  деп  өзгерткен биліктің құдіреті бұған  жетедідеп сенеміз. Тағы  бір айта  кетер жайт, аудан  орталығы Шонжыда ұлы  ақынымыз Абайдың не  болмаса  осы өңірден шыққан атақты батыр Райымбектің, ақиық  ақын Мұқағали Мақатаевтың  атында  бір көшенің болмауы   көңілге  өкініш ұялатады. Қалай айтсақ  та,  қалай десек  те,  билік  уақыт созбай Ұйғыр ауданында  болған қазақ пен  ұйғыр арасындағытекетірестерді  таразыға  тартып, бір қорытынды шығаруға тиіс.

КүлтегінБЕК,

«Жас Алаш»

Тегтер: