Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:18, 31 Тамыз 2021

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті

None
None

Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады», — деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Ермекбаевтың жұмысы кезінде мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр. 2019 жылы Арыста жойқын жарылыстар болған еді. 

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында болған жарылыстардан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Тегтер: