Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту – ел қауіпсіздігі үшін маңызды
Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені ел экономикасында айрықша орын алады. Сонымен қатар қорғаныс-өнеркәсіп кешендері елімізде айтарлықтай ғылыми-технологиялық, инновациялық, өндірістік әлеуетке ие.
Осы орайда, еліміздің қорғаныс саласында машина, зымыран жасау кешендеріне қатысты кәсіпорындар әр өңірден ашылып келеді. Әрі қорғаныс-өнеркәсіп кешендері Қазақстанның ғылымын дамытуда да ерекше орын алып, әскери және қос мақсаттағы өнімдер өндірісін әзірлеуде ғылым мен техниканың ең озық жетістіктері де қолданылуда. Мұнымен еш жаман болмадық, яғни Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін шығару жиырма есеге ұлғайып, сыртқы сауда көлемі он есеге артқан болатын.
Осы мәселеге қатысты жуырда ғана қорғаныс министрі бірқатар өңірлердегі кәсіпорындардың жұмысымен танысқан еді. Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов жұмыс сапарын ең бірінші Шучинск, Петропавл горнизондарынан бастады. Яғни Петропавлда өткен сапарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровпен кездесе отырып, өңірдегі байланыс және радиоэлектронды күрес құралдарын жеткізу мен жөндеуді жүзеге асырушы С.М.Киров атындағы зауыт пен ауыр машина жасайтын зауыттардың жұмысымен танысып, зымыран кешені жұмысымен танысты.
Қазақстан қарулы күштерінің мығым, әрі берік болуы үшін барлық әскерді қарумен қамтамасыз ету үшін отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының орны ерекше. Сол себептен, жыл сайын қазақстандық әскери кәсіпорындардың жұмысы әрқашан маңызды саналады. Қарулы күштердің мүддесін мемлекеттік қорғаныс тапсырысының көбісін отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары қамтамасыз етіп, жұмыс жасайды. Сондықтан да еліміздегі әскери техникалардың сапалы болуы үшін кешеннен шығарылатын құрылғылар үнемі қадағаланып отырады.
Ал сапалы техникаларды жасайтын мамандарға да арнайы жағдайлар жасалынуда. Одан бөлек, еліміздегі кәсіби сержанттар даярлайтын білім беру бағдарламалары іске асырылып, олардың үнемі ізденісте жүруі ерекше қадғаланады. Қорғаныс министрі осы мәселеге қатысты Шучинск қаласындағы колледж кадеттерімен кездесіп, білім беру бағдарламаларымен танысты. Одан бөлек, колледжге сапары барысында сарбаздардың тұрмыс жағдайымен, күнделікті тамағымен, оқуға қажетті құралдарымен танысып, сарбаздармен пікірлесе отырып, қажетті кеңестерін берген болатын.
Енді жалпы Қазақстандағы қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту жұмыстарына тоқталатын болсақ, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту үшін қажетті қосалқы бөлшектердің өндірісін жолға қою жұмыстары жүргізілуде. Бірақ тапсырманың ауқымдылығына сәйкес, мамандардың айтуынша бұл процесс ұзақ уақытты талап ететін көрінеді. Бұл жайға қатысты депутаттар мәселе көтеріп: «Біз мемлекеттік әрі жеке қорғаныс зауыттарымен сөйлесіп, нормативтік құқықтық база, заңдар мен ережелерді толықтыру туралы әңгімелесуге дайынбыз. Егер де біз өнеркәсіптердің дамуын нығайта отырып, құндылық орната аламыз деп сенеміз» дейді. Депутаттардың көтерген мәселелерінен соң VIII сайланған парламент мәжілісінің депутаттарымен тиімді диалог құрылып, мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін шоғырландыра отырып, арнайы ұсыныстар айтылды.