Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:10, 01 Қараша 2021

Қорқынышты «кемпірқосақ»

None
None

Youtube желісінен қызықты, танымдық дүние көремін деп отырғанымда бір бейнебаянды көзім шалды.

Нақтырақ айтсам, белгілі ток-шоудың кезекті бөлімі екен. Астына жазылған жарнамасы да қызықты сияқты көрінді. Сөйтсем, сырты бүтін, іші түтіннің кейпіндегі дүние болып шықпасы бар ма? Бет-аузын бояп алған жас жігіт қылмыңдап, олар (гейлер) қандай бақытсыз екенін айтып отыр. Айтуынша, оларды ешкім жақсы көрмейді, қорлық көрсетеді, құқықтарын бұзады-мыс. Масқарасы – қызтеке өзінің алғаш рет жігітпен сүйіскені туралы айтқанда залда отырғандар ду қол шапалақ ұрды. Мұның барлығы жиіркенішті болғаны соншалық – ашумен қолымдағы телефонды лақтырып жібердім. Бұл менің бойыма үрей мен қорқыныш ұялатты. Сол ойыммен сіздермен бөліссем деймін.

Нені меңзеп отыр дерсіздер? Елімізде 1,5 миллионға жуық ЛГБТ өкілдері, яғни бір жыныстылар өмір сүреді деген жаға ұстатарлық ақпарат тарауда. Бұл бейресми мәлімет, дүдәмал дерек деген күннің өзінде, «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген мәтелге сүйенсек, бұл ұлт болашағына балта шапқан нағыз сұмдықтың, сорақылықтың өзі емес пе?! Осы тұста айта кетерлігі, ұлтымыздың бүкіл артықшылығының барлығын бір ғана кемшілігіміз жоққа шығарды. Жұмсақ, сенгіш, тіпті аңғал болсақ та, біз таңсық дүниені бойымызға тез қабылдап аламыз. Мысалы, кезінде Америка БҰҰ арқылы бізге гендерлік теңдік қағидатын жүктеді. Біз оны қабылдап қана қоймай, «шайнап жұттық», бойға сіңірдік. Дегенмен Ұлы дала елінде ғасырлар бойы өзінің бірегей гендерлік саясаты қалыптасып қана қоймай, онда әйел заты әрдайым лайықты орнын алды емес пе? Бұл саясат жоғары руханият, мораль қағидаттарына негізделген. Гендерлік теңдік априори бола алмайтыны белгілі болса да, жыныстардың әртүрлі физиологиялық сипаттамасына және табиғаттың өзіне жүктелген әртүрлі миссиясына байланысты.

Сонда неге қол жеткіздік, қандай нәтиже шығардық? Табиғатынан нәзік әйел заты ер-азаматты қуып жету жолында көлік тізгіндеп, отбасы-ошақ қасынан алшақтап кетті. Онымен де қоймай, көлік айдау кезінде темекі шегуге, телефонмен сөйлесуге уақыт табады. Боксшылар ринг алаңында бір-бірінің бет әлпетін соққылайды. Нәтижесінде әдемі түрден, нәзіктіктен ештеңе де қалмайды. Ауыр атлеттер болса зілдей темірді үстінен асыра көтереді. Ашулы грепплингшілер бір-бірін аяусыз ұрып, әйел затына тән барлық дүниені өлтіреді. Нәтижесінде әдемі, сымбатты, нәзік, әсем жанның орнына жүрісі де, өзі де дөрекі «тәтелер» қалыптасады. Көшбасшылыққа деген ұмтылыс барысында әйелдер босаңсып кеткені соншалық – арамызда еркектектес әйел, әйелтектес еркек пайда болды.

Гендерлік теңдік тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында түсімізге де кірмеген нәрсені алып келді. Бұл – өзінің жынысын, өзін қай жынысқа жатқызатынын білмейтін жандардың пайда болуы. Енді біздің қоғамға қауіп төндіретін бұрмаланулар туралы айтайық. Тіпті оларды атайтын арнайы аббревиатура да бар – ЛГБТ. Біз айтпасақ та, бұл терминнің қандай мағына беретінін барлығы біледі. Алаңдатарлығы – біз мұның бәрін үнсіз бақылап отырмыз. Біз «ештеңе болмайды» деп ойлаумен 20 жыл өтті. Естеріңізде болса, бір жыныстылар ең алғаш 2001 жылы ресми түрде белгілі бола бастады. Егер бізде гейлер қауымдастығы, свингер клубтар, тіпті бір жынысты некелер болса таңғалмайтындаймыз.

Клуб демекші, алып шаһар Алматыда 20-дан аса гей клуб бар екен. Бұл ел естіп, белгілі болғаны. Осының барлығы қызымыздың кімге тұрмысқа шығып, ер-азаматтарымыздың кімге үйленетінін білмейтініне әкеледі. Мұндай моральдық ыдыраудың, жалпыға ортақ лгбтизацияның соңы руханиятсыздық, барлық моральдық құндылықтарды, әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, ұлттық кодты жоғалтуға ұрындыратыны сөзсіз.

Осыдан бірнеше күн бұрын Instagram әлеуметтік желісінде танысымның аватаркасына кемпірқосақтың суретін салып, стористеріне де сондай бағыттағы жазбалар қаптап кетті. Басында мән бермегеніммен, жиі қайталана берген соң, күмәнмен қарай бастадым. Біраз уақыттан соң, оның ЛГБТ қоғамына байланысы барын білдім. Танысыңнан мұндайды күтпейді екенсің. Тіпті ұялмайды да. Бірнеше рет ескерту жасап, неліктен насихаттап отыр деп сөйлескеніммен, «өзім білемін» деп шықты. Иә, өз өмірін өзі білетініне дау жоқ. Бірақ оны мақтанышпен неге жалпақ жұртқа жария қылады? Соған еліктеп, ойын өзгертіп жатады ғой. Осы әрекетімен ұлттың тағдырына балта шабамын деп ойламай ма? Аталған мәселе алаңдатпай қоймайтынын, шешімі жоқ сұраққа айналып келе жатқанын көпбалалы әке, ұстаз Сырым Азаматов жеткізді.

– ЛГБТ және жалпы трансгендер – бұл бүгінгі ең жеккөрінішті құбылыс. Бұл – күнәһарлықтың ең түбіне жету. Бұл – адам табиғатын өзгертуге тырысып, қасиетті әулиелерге қол сұғатын адамдар. Оларға барлық діндерде қарғыс айтады. Олар ең кәнігі қылмыскерлерден де қауіпті. Егер соңғысы тек жеке адамдарды өлтіруі мүмкін болса, онда бұл зұлым тіршілік иелері жүздеген, мыңдаған адамдарды, бүкіл адамзатты жойып, оны ішінен көбейтіп, ыдырата алуға қауқарлы. Қазіргі жастардың көбі әлеуметтік желінің күшті қару екенін естен шығарып алғандай. Ютуб, инстаграм, тик-ток – қайсысына кіріп қалсаң да, әйтеуір, тұрпайы ЛГБТ-ны насихаттайтын дүниені кезіктіресің. Алдымен бұл құбылысты насихаттамау керек. Сонда ғана барлығы тынышталады. Егер әр жерде жарнамалап, насихат жүргізсек, өскелең ұрпақ соған қарап еліктейді. Әлі ештеңені түсінбейтін бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін қайдан білсін?! Сондықтан осы тәріздес парақшаларды, ютуб-каналдарды, ток-шоуларды жабу керек, – дейді ұстаз.

Сондай-ақ ол табиғаттың әсем құбылыстарының бірі – кемпірқосақты неге соларға бергенін түсінбей дал болуда. «Кемпірқосақ – жаңбырлы, найзағайлы ауа райынан соң, күн шығып, жайма-шуақ мезгіл орнайтынын білдіретін табиғат құбылысы. Енді біреудің футболкасынан, парақшасынан кемпірқосақты көрсем болды, үрке қараймын. Аты жаман ұйымға мүше емес пе деген ой туады», – дейді.

Ал заңгер Серік Нұғыманов: «Көпәйелділік пен көпкүйеулілікті мен заң тұрғысынан гейлер мен лесбиянкалар қатарына жатқызамын. Әрине, мұндай жағдайлар да орын алған. Сіз түсінесіз бе, қанша заңды қайта жазып, қаншамасын қайта қарау керек. Бір жынысты некелер шын мәнінде сәбилі бола алмайды. Ендеше олардың бала асырап алу құқығын қарастыру керек. Ажырасқан жағдайда олардың және баланың құқығын анықтау қажет. Кім баланы асырауға жауапты болады, мұраға қандай құқығы бар, қамқорлық мәселесі. Міне, әңгіме қайда жатыр. Бұл туралы кодекске қалай жазасыз? Көпәйелділік те дәл сондай мәселелер. Сондықтан бұл мәселені талқылауға уақыт жұмсау өзіңді сыйламаумен бірдей деп есептеймін», – дейді.

Тағы да сол ютуб қой құртатын. Тұрмысқа шықпас бұрын, қызықтап, ютуб арнасынан елдің тойы қалай өткенін, тамаданың жүргізгенін көре бастадым. Содан не керек, қымбат, керемет бір тойды көрсетіп бастады. Алғашында жүре тыңдап жүрдім. Біраздан соң таныс есімдер айтыла бастаған соң, назар салдым. Сөйтсем, белгілі қазақстандық кәсіпкердің ұлының тойы. Ол ер-азамат бола тұра, шетелдік жігітке үйленіп жатыр ма, тұрмысқа шығып жатыр ма, ұзатылып жатыр ма – түсіне алмадым. «Шайтандарда» қалай екенін білмеймін ғой. Көріп отырып құсқым келді. Одан бұрын, ұлтым үшін жылағым келді. Себебі қазақ жігітінің ата-анасы да бар видеода. Бұл ата-анасы ақ батасын берді деген сөз емес пе?! Мен сияқты қаншама қыз-жігіт осылай білместіктен көрді сондай видеоны? Соңынан еліктемесіне кім кепіл? Тіпті мемлекет, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрқаділова өзін әлемге «мен лесбимін» деп жариялап жатыр емес пе? Өзінен бұрын, белгілі қоғам қайраткерінің атына кір келтіріп тұр ғой. Егер басқасы «шайтанның» азғыруына түсіп, артынан ерсе, жеткен жеріміз осы болар...

Көптеген мемлекеттерде, айталық, сол гомосексуалдарға қатысты қатаң жазалар қарастырылған. Мысалы, Танзания, Уганда, Ямайка және Кенияда олар 15-20 жылға түрмеге тоғытылады. Барбадос пен Пәкістанда өмір бойына сотталады. Нигерия, Йемен, БАӘ, Иран, Сауд Арабиясы сияқты жеті елде оларға бір ғана үкім бар: ол – өлім. Сол Сауд Арабиясында осы «күнәлары» үшін үш адамның қылышпен басы алынғанына төрткіл дүние куә болды. Ал Иранда кәмелетке толмаған екі бала бір жынысты махаббат үшін қайтыс болды. Аяусыз дерсіз? Мүмкін. Бірақ шындығы осы.

Біз, әрине, адамгершілік пен жалпы толеранттылықтың арқасында мұндай қатал жазаларға дайын емеспіз. Оған қоса, менталитет бірдей емес. Сондықтан ең дұрысы: оларды шыбын шаққан құрлы көрмей, назар аудармай; сайтта, БАҚ-та оларды насихаттап жариялауға; әлемжеліде, ютубта тосқауыл қою. Сонда, бәлкім, бұл кеселден ұлтымызды сақтап, олардың азғыруынан құтылармыз.

Тегтер: