Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:34, 20 Шілде 2020

Қостанай облысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары қарқынды жүріп жатыр

Қостанай облысындадәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін күшейтілген шараларқабылдануда.

Бірінші кезекте, ыстыққа қарсы, вирусқа қарсы препараттар менантибиотиктер. Соңғы күндері Үндістан мен Ресейден Қазақстанға рейстер жүргізілгенболатын, ал дәрі-дәрмектер барлық аймақтарға таратылуда. Бұл препараттардыңарасында цефтриаксон, парацетамол, левофлоксацин да бар.

Импортталған дәрі-дәрмектербүкіл аймақтағы дәріханаларға таратылып жатыр. Дәріханалар тізбегінің арқасындалогистика жедел әрі жылдам болуы керек. Жақын арада қала тұрғындары қажеттідәрі-дәрмектерді ала алады.

— Жұмыс жалғасуда. Жергіліктібилік халық үшін әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге 300миллион теңге бөлді. Қаражатдәріханаларға пайызсыз қайтарылатын негізде берілді. Дәріханалар әкімдіктерменынтымақтасуға дайын, — деді Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасынбақылау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов.

Айта кетейік, облыста 281 дәріхана бар. Алынған дәрілер тіулік ішінде барлық дәріханаларға таратылады.

Еркежан АРЫН

Тегтер: