Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:26, 20 Шілде 2020

Қостанай облысында жағдайы төмендер үшін медициналық препараттар таратылды

Екі аймақтың азаматтық қоғамының өзараынтымақтастығы аясында: Қостанай облысының Азаматтық Альянсы «Грин» қоғамдық бірлестігі және «Жанашыр Бол» ҚҚ Қостанайоблысы және Ресей Федерациясының қоғамымен, Свердлов облысының қоғамдықұйымдарымен Қостанай облысының аз қамтылған тұрғындарына беру үшін кейбірдәрі-дәрмектер түрінде медициналық көмек жинады (20 мың дана медициналық маска), бір рет қолданылатын қолғаптар –12 мың жұп, антисептиктер – бірнеше литр, иегаляторлар– 17 дана, электронды термометрлер – 167 дана, тонометрлер – 40 дана,дәрі-дәрмектер: парацетомол іспеттес ыстық түсіретін дәрілер – 1000 дана, Сдәрумені – 400 пакет).

Жүк 17 шілдеде ҮЕҰ үйінің ғимаратына келіп түсті, сол күні таратылған болатын және еріктілер Қостанай қаласының мұқтажтұрғындарына жеткізіп берді.

«Стофарм» ЖШС қоймаларына 130мың пакет дәрі-дәрмектер алынды. Солардың ішіндегі ең маңыздылары –антибиотиктер, вирусқа қарсы және ыстық түсіретін дәрілер бар.

— Біз дәрі-дәрмектерді«Фармаком», «Забота» дәріханалық дүкендеріне жібереміз. Жақын арада қажеттідәрі-дәрмектер облыстың барлық аудандарына, оның ішінде шалғайдағы аудандарға –Арқалық, Амангелді және Жангелдин аудандарына жіберіледі», — дейді «Стофарм» ЖШСкоммерциялық ұйымының директоры Сергей Аткин.

 – Дәрі-дәрмектердің мөлшері халықсаны мен КВИ ауруының статистикасына сәйкес бөлінеді.

Сонымен қатар, «Инкар» ЖШСқоймасына 20 тонна препарат жеткізілді. Оның 2 тоннасы жетіспеуші препараттар. Дәрі-дәрмектің23 түрі бар жүк көлігі 14 шілде сейсенбіде тиелген. Парацетамолдың өзін 35 000пакетпен әкелді.

Дәріханада цефтриаксон,азитромицин, левофлоксацин, новокаин, антигиппин, анальгин, зитмак,кардиомагнил, харелто және басқа препараттар бар.

Қостанай облысы бойыншатауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және бақылау департаменті басшысыныңорынбасары Сәуле Ержанованың айтуынша, дәрі-дәрмектердің жаңа партияларыныңбағасы бұрынғыдай болып қалады. Дәрілердің бағасын dari.kz сайтыннан бақылап салыстыруғаболады.

Еркежан АРЫН

Тегтер: