18:37, 10 Тамыз 2022
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Бірнеше күн бұрын Қостанай облысы Жамбыл ауылындағы үйінен шығып, жоғалып кеткен бес жасар бүлдіршіннің денесі табылды.
Суыт хабарды Ішкі істер министрлігінің телеграм арнасы жазды.
«Бес жасар Мадина Ерланқызы өзенге батып, қаза тапқан. Денесі табылды», – деп жазды ресми дереккөз.
Марқұм бала аутизм дертіне шалдыққан. Екі әпкесі ұйықтап жатқанда 6 тамыз күні таңғы сағат 5-те үйінен шығып кеткен болатын.