Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:27, 21 Желтоқсан 2020

Қостанайда вагон үй өртеніп, бір әйел көз жұмды

None
None

Қостанай облысында тұрып жатқан вагоннан өрт шығып, бір әйел адам көз жұмған. 

Оқыс оқиға 20 желтоқсан күні сағат таңғы 5 шамасында Арқалық-Торғай бағытында жол жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымға тиесілі вагонда орын алған, деп хабарлайды alau.kz.

Қызыл алау вагонның 25 шаршы метрін қамтыған.

Салдарынан 1967 жылғы әйел адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аспазшы болып жұмыс істеген.

Өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Тегтер: