Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:08, 22 Маусым 2023

ҚР ІІМ интернеттегі алаяқтармен қарқынды күресуде

None
None

Ішкі істер министрлігінің ресми статистикалық ақпараттары бойынша, ақпараттық технологиялар дамыған сайын соңғы 5 жылда интернеттегі алаяқтық фактілері көбейе түскен.

Мәселен, атап айтар болсақ, 2018 жылы 4 мыңға жуық қылмыс болса, 2022 жылы 20 444 қылмыс жасалды. Бұған қарсы қандай шаралар орындалып жатыр? Мысалған, елімізде 2023-2025 жылдарға арналған ведомстволық бағдарлама жасалды, әрі ведомствоаралық бағдарлама бар, сонымен қатар киберқылмыспен күресуге арналған ведомстволық бағдарлама бар. Бұл бағларламалар бойынша мұндай қылмыстар жиі орын алатын банктер мен микрокредиттік ұйымдардан несие алу кезінде биометриялық сәйкестендіру енгізілген.

Сондай-ақ, Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, ұялы байланыс операторлары ауыстырылатын нөмірлерден қоңырауларды блоктау мәселесін пысықтады. Ішкі істер министрінің орындасары Ержан Сәденов:

— Білесіз бе, ең үлкен өсім дәл сол шешімдердің арқасында болды, біз мұны соңғы 2-3 жылда жасап келеміз, тек жыл басынан бері біз 3 айда 15 миллион осындай қоңырауды бұғаттағанымызды хабарлаймын. Яғни, ол жұмыс істейді, иә, техникалық қателер бар, біз олармен де айналысып жатырмыз. Біз халықпен жұмыс жасаймыз, SMS хабарламаларының көмегімен ескертеміз. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі Алматы Академиясының базасында кибер оқу полигонын құрды. Онда IT бағыты оқытылады», — деп атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Ішкі істер министрлігінде киберорталық жұмыс істейді — бұл толыққанды тәуелсіз бөлімше және жергілікті жерде 10-нан 12-ге дейін полиция қызметкері бар.

Министрлік, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларында «Киберполиция» пилоттық жобасын мақұлдады, оған жұмыс істеп тұрған киберорталықтан басқа, тергеушілер, осындай қылмыстарды ашу бойынша жедел уәкілдер кіреді. Жалпы алғанда, алаяқтық 0,4%-ға өсті. 3 айда интернет-алаяқтық – 165 қылмыс, өткен жылы осы уақыт ішінде 4,5 мың қылмыс тіркелді.Біз бұл қылмыстардың алдын алу міндеті тұрғанын түсінеміз, шаралар қабылдануда.

Тегтер: