ҚТЖ құрдымға кетті
Әйтпесе жұмысшыларды жаппай қысқартуға не себеп?
Биыл елдегі ең ірі компаниялардыңбірі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кемінде 13 мың жұмысшысымен қош айтысадыдеген күпті қауесет тарады.
Қысқартуға, негізінен, шаруашылық цехына қарайтын қарапайым жұмысшыларұшырайды-мыс, олар: слесарь, плотник, тазалық қызметкерлері, локомотив бригадаларыныңжұмысшылары, жүк көлігі жүргізушілері мен жөндеу бригадаларының адамдары. Соныменбірге Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал және Қызылордада жүк тасымалыбөлімшелерінен 2000 теміржолшы жұмыссыз қалуы мүмкін, дефектоскоп-тележкалардыңоператорлары қатарынан тағы 900 адам қысқарады дейді.
«Әскериленген теміржол күзеті» АҚдеген ірі құрылым бар еді, одан кемінде 3500 қызметкер қысқартуға ұшырапүлгерген. Ұлттық компания басшыларында күзет қызметін аутсорсингке бере салужоспары бар көрінеді.
Осылайша коронавирус дағдарысынан таяқ жеген 13 мыңнан астам қазақстандықенді экономикалық дағдарысқа байланысты жұмыссыз қалайын деп отыр.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2020жылдың мамыр айында тоғыз басқарушы директорын, басқарма төрағасының екікеңесшісін қысқартты.
Сауат Мыңбаевтың жұмысшыларды қысқарту жөніндегі шешімді қабылдауына, еңалдымен, ұлттық компанияның орасан шығындары себеп. Коронавирус індетініңкесірінен жолаушылар тасымалын тоқтата тұруға мәжбүр болған кезеңнің тек бірайында ҚТЖ шығындары 3,8 миллиард теңгені құраған. Ал коронавирус дегенпәлекеттің иісі де болмаған 2018 жылы алпауыт компанияның таза шығыны 70миллиард теңгеден астамға бағаланды, 2019 жылы 86 миллиард теңгеден асыпжығылған.
Бұл жаппай қысқартуға ҚТЖ-ның жалғызакционері – «Самұрық-Қазына» қорында мемлекеттік қаражаттың тиімсіз игеріліпжатқанын меңзеген есеп комитеті тарапынан айтылған сын да себеп. Сегіз жылданастам уақыт бойы Асқар Мамин басқарған отандық теміржол шаруашылығы жемқорлықең терең жайлаған сала екені жасырын емес. «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінетөраға етіп шетелдік менеджер, ұлты неміс Кристиан Кун мырзаны сайлағаны дақұтқармады. Одан кейінгі төраға Қанат Алпысбаев саланың жағдайын одан сайынқұлдыратты. «Мұнайшы» Сауат Мыңбаев та шетелден менеджерлер командасын шақырып,теміржолға сауатты басшы бола алмайтынын байқатты. Рас, саланы жайлағанжемқорлықпен бірге, теміржолшылардың шетелден жұмысшылар жалдау тәжірибесіненгізген Сауат Мыңбаевқа өкпесі қара қазандай. Мәселен, Германия мен Ресейденшақыртылған экспаттардың ай сайын 40 мың доллар жалақы алғаны туралы деректересеп комитеті аудиторларының есебінде бар.
Сонда дейміз-ау, елімізде теміржол саласын дағдарыстан алып шыға алатынбасшы табылмағаны ма? «Болашақпен» әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарынанбілім алып келген мықты менеджер түлектеріміз қайда?!
Әділ АҚЫЛБАЙ