ҚТЖ зейнеткерлерден қызметтік пәтерлерін тартып алмақ
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық стансасының тұрғындары көмек сұрап отыр. Олардың айтуынша, "Қазақстан теміржолы компаниясы" зейнеткерлердін қызметтік пәтерлерді тартып алмақ.
Бұл ретте олар өздерінің жанайқайын айта келе былай дейді:
«Қазақстан темір жолы» ҰК Алматы облысы бойынша Тұрғын үй комиссиясының 2019 жылғы 11 қазандағы № 11 шешімі «Магистральдық желі дирекциясы» хаттамасымен корпоративтік тұрғын үй қорын жалға алушылардың меншігіне шығару туралы бұйрық берілді.
Осы хаттама негізінде біз, 384 пәтердің тұрғындары, НЖС-7 Әкімшілігінің есеп-қисаптары бойынша төлем жасадық, есептеу әр жалға алушыға жеке жүргізілді.Әрбір жалға алушы тұрғын үйді Алакөл ауданының ХҚО арқылы өз атына рәсімдей бастады.
2021 жылдың желтоқсан айында, яғни Алакөл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін НЖС-7 әкімшілігі жалға алушылармен бірнеше рет кездесулер өткізіп, қызметтік пәтерлерді «ҚТЖ» ҰК АҚ кірісіне қайтару қажеттігін мәлімдеген. Әрқайсымыз «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның осы қызметтік пәтерлерінде тұрып жатырмыз, 30 жыл бойы барлық жөндеу жұмыстары мен коммуналдық қызметтерді өз қаражатымыздан төлеп келеміз. Енді қалталы көкелер үйлерді өздеріне алғылары келеді ме?!