Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:55, 22 Тамыз 2023

Қуат Хамитов ресейлік танымал файтермен жекпе-жек өткізеді

None
None

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов келесі жекпе-жегін тәжірибелі ресейлік Александр Шлеменкоға қарсы өткізеді.

Бұл туралы 35 жастағы спортшы Instagram-парақшасында жазды.

«20 тамызда Top Fight лигасының жетекшісі Марат Сидикеевпен ресейлік ММА аңызы Александр Шлеменкомен жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол жеткіздік. Турнирдің өтетін орны мен күні туралы кейінірек білесіздер», — деп жазды Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов кәсіпқой ММА-да 27 рет жеңіп, 5 мәрте жеңілген, тағы екі кездесу тең аяқталған. Ал 39 жастағы Шлеменконың еншісінде 65 жеңіс пен 15 жеңіліс бар. 

Тегтер: