Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
03:25, 24 Мамыр 2023

Қуатты өңір өз күшіне сенеді

None
None

Қарағанды облысы тұрғындарын 80 пайыз жергілікті азық түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Өңірдің 2027 жылға арналған азық түлік қоры жоспары осындай. Қазірдің өзінде, аймақтағы 24 мың адам ауыл шаруашылығы саласынан нәпақасын тауып отыр. Аталған салаға қолдау көрсетудің арқасында жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылуда.

-Мәселен, «Ауыл аманаты»жобасы аясында, ауыл тұрғындарына 3,4 млрд теңге көлемінде несие беріледі. Әсіресе, көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен «NEET» бағдарламасына қатысатын жастар барынша қамқорлыққа алынған. Бүгінде 353 үміткерлерден өтініш келіп түсті,-деп мәлімдеді бүгін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифингте.

Аймақ басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын дамыту есебінен ауылдық жерлерде 2,5 мың жаңа жұмыс ашылады. Сүйтіп, ішкі нарықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен толықтыру көзделген. Қазірдің өзінде, облыста мал шаруашылығы өнімінің ауқымы 65 млрд теңгеге жеткен. Жеке шаруашылықтардағы төрт түліктің санында өсім байқалады. Атап айтар болсақ, өңір фермерлерінің меншігінде 390 мың жылқы, 620 мың ірі қара малы, 1 мың ұсақ ірі мал және құс фермаларында 3,7 млн бас құс бар. Жергілікті жерде дәнді -дақыл шаруашылығы дамып келеді. Көктемгі науқанда аграрлар 1,2млн гектар жерге дән еккен. Биылғы көрсеткіш былтырғыдан 22 мың гектарға артық. Мұның сыртында, аймақта картоп және көкөніс алқабының да көлемі кеңейтілген.

Бес мыңнан астам кәсіпкер қолдау алады

Облыстың әрбір екінші тұрғыны орта және шағын бизнес саласында жұмыс істейді. Аймақтағы іскер жандардың екі жарым мың жобасы мемлекеттік қолдауға ие болған. Атқарушы билік жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5,5 мыңға жеткізуді межелеп отыр. Тұрғындар табысын арттырудың жаңа бағыты-жаңа инвестициялық жобаларға қолдау білдіріп, кәсіпкерлікпен шұғылдаушыларға жол ашу.

-Ол міндеттер кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында атқарылады. Қазір өңірдегі ірі компаниялардың қол астында 38 кәсіпорын бар. Мысалы, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында 4 жоба игерілді. Облыстағы медицина, білім беру және басқа да мемлекеттік мекемелер осылардың тұтынушылары болып есептеледі,-деді облыс әкімі брифингте.

Ермағанбет Бөлекбаев әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар әрдайым мемлекет қолдауынан тыс қалмайтынын айтты. Осығана дәлел, биыл кәсіпкерлікпен шұғылдануға ниет білдіруші қоғамның осал тобына 200-ге жуық грант бөлінеді. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлерге 2,5 пайыздық 600 грант және жеңілтетілген 324 шағын несие беріледі. Биыл мүгедектерді жұмыспен қамту тізбесі кеңейтілді. Жыл аяғына дейін мүмкіндігі шектеулі 700 адам еңбекке араласады.

Өнім ұлғайып, табыс артуда

Кенді өлкеде тәулігіне 17 мың тонна көмір өндіріп, 8,5 мың тонна болат балқытады. Кәсіпкерлердің де, аймақ экономикасын ұлғайтуға қосып отырған үлесін сырт қалдыруға болмайды. Нақ осы берекелі бизнестен облыс экономикасына күн сайын 7 млрд теңге табыс түсіп отыр.

— Өткен тәулікте «АрселорМиттал Теміртау» шахталарында 17 мың тонна қара алтын қыр басына шығарылды. Металлургиялық комбинат 8,5 мыңнан астам болат, 7 мың тонна жалпақ прокат балқытты. Өңірдің ірі және орта кәсіпорындары 9 млрд теңгенің өнімін өндірді. Облыстың көтерме және логистикалық орталықтарынан күн сайын барлық бағытқа 80 -нен аса темір жол құрамалары мен автомашиналар жөнелтірелді,-деді аймақ жетекшілер журналистер алдында.

Бұған тағы бір қосарымыз, жыл басынан бері облыстың фармацевтика, машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсіптері 1,1 трн теңгенің өнімін тұтынушыларға жөнелткен.

Қоғамдық көліктер жаңартылу үстінде

Жұртты титықтатқан өңірдегі қоғамдық көліктердің ескіруі тапшылығы біртіндеп шешіле бастады. Биыл жыл аяғына дейін 165 автобус сатып алу жоспарланған. Жаңа көліктер қалааралық жолға шығып, қала ішінде қатынайтын болады. Қатарға қосылатын 33 автобус серіктес қалалар бағытында жүреді. Көліктер қанаттас Саран қаласындағы «Qaz Tehna»зауытынан сатып алынады. «ONAI» электронды билет жүйесі облыс орталығындағы ғана емес, серіктес шаhар тұрғындары үшін тиімді әрі қолжетімді болып тұр. Мұндай төлем карточкасы барлар қоғамдық көлікте 80 теңге төлейді. Ал, бұдан бұрын қалаарлық көлікте билет нарқы екі есе қымбат болған. Жүйенің тағы бір оңтайлы тұсы, билеттеу процесін ашық әрі жария жүргізуге мүмкіндік береді.

— Бұл облыс орталығына күнде қатынайтын 30 мыңнан астам тұрғынға үлкен демеу болды. Қазірдің өзінде, билеттеу жүйесімен Қарағандыдан Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай қалаларына, сондай-ақ Шахан мен Топар кентіндегі бағыттар қамтылды. Мамырдың 1- нен бастап, 7-ден 18 жасқа дейінгі Қарағандылық балалар автобуста тегін жүру құқына ие болды. Айтпақшы, жақында Балқаш пен Теміртау қалаларына электронды билеттеу жүйесін енгізуді мәселесі қаралады, -деп атап өтті брифинкте Ермағанбет Бөлекбаев.

Тегтер: