Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:20, 17 Наурыз 2023

Қуатты өңірлер жобасының мүмкіндігі шектеулі жандарға пайдасы бар ма?!

None
None

Freedom компаниялар тобы мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі өткен жылдың соңында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық бағдарламасы аясында Орал қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ботаникалық бақ пен спорт кешенін салу жобаларын қаржыландыру туралы меморандумға қол қойды.

Freedom компаниялар тобы бұл жобаларды 1,9 млрд теңгеге қаржыландыруды өз мойнына алады. Заманауи спорт кешені волейбол, баскетбол, шағын футбол, күрес және басқа да спорт түрлерімен айналысуға қажеттінің бәрімен жабдықталатын болады. Сонымен қатар ғимаратта медициналық кабинет, лифтілер, душ бөлмелері және басқа да қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Ал ботаникалық баққа келер болсақ, ол Орал қаласының Шолохов пен Есенжанов көшелерінің қиылысындағы көрікті әрі экологиялық таза ауданда 13 гектар аумақта орналасады деп жоспарлануда. Жоба бойынша бақ аумағында демалыс аймағы, су өсімдіктері бар тоған, аллеялар, беседка мен шығыс стиліндегі композициялар, жылыжай, ұлттық тағамдар мейрамханасы болады. Аллея бойында алма мен сирень ағаштары, қылқан жапырақты ағаштар зонасы отырғызылады.

Жобаның бастамашысы – бағбан С.Исаевты еске алуға арналған халықаралық эксперименттік коллекция бақшасының жетекшісі Қайрат Каримов.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры:

— Еліміздің алдында біз шешуге тиіс көптеген міндеттер тұр, ал Президент қазіргі уақытта қосымша әлеуметтік шығындарға белсенді түрде бастамашылық етуде. Мемлекет бұл бағытта қыруар қаржы бөліп, қыруар істер атқаруда, десе де біз ірі бизнес өкілдері ретінде халық алдындағы жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан мен үшін Батыс Қазақстан облысының әкімімен танысу барысында білген сол тамаша бастамаларды қолдау маңызды. Ең алдымен, бұл жобалардың жан-жақты пысықталып, жергілікті кәсіпкерлер мен облыс басшысы тарапынан жауабын тапқаны бізді қуантады. Бұл қадам Қазақстанның бүкіл бизнес қауымдастығы үшін дұрыс сигнал болатынына сенімдімін. Біз балаларымыз армандайтын елді бірге тұрғызамыз және өзіміз де онда лайықты өмір сүретін боламыз, –дейді.

Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

— Ірі бизнестің өңірлерге қолдау көрсетуі игі іс қана емес, әрі маңызды экономикалық және әлеуметтік құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан Тимур Турловқа біздің ұсынысымызға үн қосып, облысқа екі ірі жобаны: ботаникалық бақ құру және спорт кешенін салуды жүзеге асыруға өз еркімен көмектескені үшін алғысымды білдіремін. Жоспарланған жобалардың экологиялық жағдайды жақсартуға да, жасыл желектердің санын көбейтуге де, ерекше қажеттіліктері бар тұрғындар үшін спорттық инфрақұрылымды дамытуға да айтарлықтай әсер ететініне сенімдімін, – деп пікір білдірді.

Қазіргі уақытта жер телімі бөлінді, аумақты қоршау, жер жырту және болашақ баққа отырғызу жұмыстары басталды. Жобаларды жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған. 

Тегтер: