Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:20, 26 Мамыр 2020

Қуғын-сүргін құрбандары ақталуы тиіс

Қоғамның жан-жақты талап етуіменеліміздегі қуғын-сүргін құрбандарынақтауды зерттеу үшін білім жәнеғылым министрлігі жанынан жұмыстобы құрылғаны белгілі.

Ғалымдар мен мамандар осы тақырыптыотыз жылда алғаш рет кешенді түрдезерттеп, мәселеге шынайы баға берді.Нәтижесінде әлі күнге ақталмаған қуғынсүргін құрбандарының тағдыр-талайыталқыланып, оларды заңды тұрғыда толықсаяси ақтау туралы тұжырымдама әзірленді.Бүгін біз 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргінқұрбандарын еске алу күні қарсаңында осытұжырымдаманың толық нұсқасын ұсыныпотырмыз.«Жас Алаш» газетінің алдағы №42 саныосы атаулы күнге арналып жарықкөретінін назарларыңызға саламыз.

Кеңес Одағында И.Сталин қайтыс болғаннан кейін хрущевтік «жылымық» кезінде саяси қуғын-сүргінқұрбандарын ақтау басталып, ол бірнеше кезеңнен тұрды. Одақтың жоғары органдарықолға алған алғашқы «хрущевтік» (1953-1961 жж.), содан кейінгі «горбачевтік-яковлевтік»(1988-1991 жж.) ақтау кезеңдерінің, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның билігі жүргізгенақтау шараларының басты кемшілігі – олардың осы аса маңызды әрі қасіреттіпроблема бойынша оның реттеу нысанасын жан-жақты зерттемей, Қазақстанда орыналған саяси қуғын-сүргіндердің мерзімдерін, құрбандардың ауқымын саналы түрдеқысқартып, олардың ұлттық ерекшелігі мен негізгі санаттарын ескерместен,мемлекеттік актілер қабылдауынан көрінді. Өкінішке қарай, «Жаппай саясиқуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі ҚазақстанРеспубликасының заңын қабылдау кезінде осы және басқа да өрескел қателіктертағы да қайталанды.

Осы заңды,сондай-ақ басқа заңнамалық және нормативтік актілерді әзірлеу мен қабылдау кезінде,тіпті ғылыми зерттеулер барысында саяси қуғын-сүргіннің ұлты қазақ кісіні,біріншіден, адам және азамат ретінде, екіншіден, қазақ халқының мүддесі менқұқықтарының өкілі әрі иесі ретінде қуғындау жөніндегі екіжақты табиғаты, екіжақтымәні мен екіжақты мақсаты болғаны ескерілмеді. Өкінішке қарай, бұл ерекшелік күнібүгінге дейін ескерілмей отыр (бұл бойынша талдамалық анықтама дайын). Соныңсалдарынан құрбандар мен жапа шеккендердің Қазақстанға тән белгілі бірсанаттары қолданыстағы заңнаманың құқықтық реттеу аясына қамтылмай, тыс қалды.

Еліміздемемлекеттік зорлық-зомбылықтың, соған сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарыныңосыншалықты орасан көп болуына басқа себептерден бөлек, большевиктік-сталиндікбиліктің біздің жерімізде Қазкрайкомның бірінші хатшысы Ф.Голощекин бастамажасаған, сипаты жөнінен халыққа қарсы, салдары жөнінен аса қанқұйлы жоба –«Қазақстандағы кіші Қазан» сияқты бағдарламаларды саяси эксперимент ретіндежүзеге асырғаны себеп болды. Мұндай бағдарламалардың «табысты» түрде іскеасырылуы жеке халықтың капитализмді аттап өтіп, феодализмнен социализм менкоммунизмге бірден көшетіні жөніндегі ортодоксалды-маркстік догманың дұрысекенін дәлелдеуге тиіс еді. Орайы келгенде айта кетейік, Алаштың білімдібасшылары сол кездің өзінде Қазақстанның бұдан өзгеше, өркениетті, еуропалықдаму жолын ұсынған болатын. Бүгінгі тарих алашордалықтардың ақиқат жолдытаңдағанын айғақтап отыр.

Тұңғыш президент– елбасы  Н.Назарбаев өзінің «Руханижаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында коммунизмге прогрессивті, оның ішіндеғылыми жұртшылық атынан баға беріп, оны қазақ халқын апатқа ұшыратқан популистікидеология деп атады. Бұл – біздің ұлтымызды қан қақсатқан идеологияға ғылымитұрғыдан берілген сыпайы баға ғана. Сталинизмнің халыққа қарсы саясатынаншеккен зиянымыз бен оның нақты құрбандарының саны мен санаттарын айқындап,соның негізінде осы адамдарды заңдық және саяси жағынан толық ақтау – біздіңборышымыз.

Сол кезде «Биікмақсат кеткен шығынды ақтайды» деген большевиктік ұранның дәуірі жүріп тұрды:халыққа қатысты барлық зорлық-зомбылық нысанына рұқсат берілді, мемлекеттіктеррор, көптеген жазалау акциялары мен саяси қуғын-сүргіндер жүргізілді. Кеңесбилігін күштеп орнатып, ағасы інісін өлтірген азамат соғысын қолдан тұтату,бітіспес таптық араздықты қоздырып, тәркілеуді, ұжымдастыру мен басқа данауқандарды жүргізу, 1920-21 жж. және 1931-33 жж. алапат аштықты қолдан жасаунәтижесінде қазақ халқының жартысы қырылды. Қазақстанда осы қуғын-сүргіндердіңқұрбандары әлі күнге дейін саяси тұрғыдан ақталған жоқ.

Тәуелсіздікжарияланған соң іле-шала, яғни 1993 жылғы 14 сәуірдегі заңды дайындау барысындаоған Ресей Федерациясының соған ұқсас заңы негіз етіп алынды. Мамандар менғалымдардың Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндердің сипаты мен ерекшеліктерінзерттеу және ескеру туралы талабы еленбеді. Тіпті биліктің осы заңға ЖоғарғыКеңес төралқасының, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және ҚР ҰҒА академигі М.Қозыбаевбасқарған атышулы комиссиясының сол кезде бүкіл халыққа жария етілген қызметнәтижелерін қосу жөніндегі уәдесі де орындалмады. Сондықтан да жұртшылық пенғалымдар Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси жағынантолық ақтау мәселесін ұзақ уақыт бойы көтеріп келеді.

Осы мәселебойынша тұжырымдаманың негізгі ережелеріне, мақсаттарына, қағидаттары менміндеттеріне объективті ғылыми талдау жүргізу, оларды әзірлеу, сондай-ақ оныҚазақстан Республикасында іске асырудың тетіктері мен ұсыныстарын әзірлеу үшінаталған проблема бойынша көрнекті ғалымдар мен мамандар арасынан сараптама тобықұрылды.

1-бөлім. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ, ҚАҒИДАТТАРЫ МЕНМІНДЕТТЕРІ

Тұжырымдаманыңнегізгі мақсаты Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатынзаңдық және саяси жағынан толық ақтау жұмысын табысты түрде жүргізу үшініс-шаралар мен мемлекеттік актілерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру болыптабылады. Бұл қазақ халқын рухани қайта түлетіп, оның қоғамдық санасынжаңғыртуға, елдегі қоғамдық сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақҚазақстанның өркениетті және демократиялық әлемде құрметке бөленіп, лайықтыорынға ие болуын қамтамасыз етеді.

Тұжырымдаманыңнегізгі қағидаттары осы проблема бойынша құбылыстарды, фактілер мен құжаттардыхалықаралық стандарттар негізінде объективті, жан-жақты, дәйекті түрде бағалауболып табылады.

Жоғарыдааталған мақсатқа жету және аталған қағидаттарды сақтау үшін мынадай міндеттердішешу қажет:

– «Қазақстандағысаяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын заңдық және саяси жағынан толық ақтау»тұжырымдамасының іске асырылуын бағдарламалық және нормативтік-құқықтыққұжаттармен қамтамасыз ету;

–Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін қазақстандықтар мен басқамемлекеттердің азаматтары жасаған батырлық пен ерліктің мемлекеттік тұрғыданбіздің көпұлтты халқымыздың көптеген буынының тарихи-мәдени, саяси және бағажетпес игілігі деп танылуын қамтамасыз ету;

– саясиқуғын-сүргін құрбандарының ақталмаған барлық санатын саяси-құқықтық жағынантолық ақтау үшін «Саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын ақтау туралы» жаңа ҚРЗаңын қабылдау немесе қолданыстағы «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарынақтау туралы» ҚР Заңына және басқа да заңнамалық актілерге іргелі өзгерістермен толықтырулар енгізу қажет;

– жариялытүрде жаппай ақтау үшін мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған басқа елдер, оныңішінде ТМД елдері сияқты президенттің жарлығын және «Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескендер туралы» немесе«Отан қорғаушылар туралы» заң қабылдау қажет;

– өзОтанымыздың шынайы патриоттары мен қорғаушыларын тәрбиелеу үшін Қазақстанныңазаттығы мен тәуелсіздігі жолында күрескен қазақстандықтар мен басқамемлекеттер азаматтарының батырлығы мен ерлігін біздің халқымыздың жадындамәңгі қалдыру;

–«Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын заңдық және саяси жағынан толықақтау» тұжырымдамасын іске асыру шаралары мен жолдары жөнінде тұрақты негіздеақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және басқа да шаралар.

 

2-бөлім. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНДЕРДІҢҚҰРБАНДАРЫН ЗАҢДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒЫНАН ТОЛЫҚ АҚТАУ      

Елімізде жүргізілгенсаяси қуғын-сүргіндердің басты ерекшелігі мынада – патша билігінің, сондай-ақ Кеңесөкіметінің Қазақстандағы қолшоқпарлары жүргізген жазалау шаралары ең алдымен Қазақстанныңазаттығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескендерге – ұлт-азаттық күрескеқатысушыларға (қаһармандарға) бағытталып, соларға қатысты жүйелі түрде жүзегеасырылды.

Әлемнің өз тәуелсіздігінжариялаған барлық дерлік мемлекеті бірінші кезекті шара ретінде өз халқы менОтанының азаттығы, тәуелсіздігі жолында күрескені үшін бұрынғы билік режимдерімемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыратқан ұл-қыздарын – қаһармандарынақтап, ұлттық батыр дәрежесіне көтеріп, ұлықтады. Бұл енді іргесі қаланғанәрбір мемлекет ұстануға тиіс әлемдік практика. Қазақстан тәуелсіздік алғаннанбергі 30 жылға жуық уақыт ішінде қуғын-сүргін құрбандарының осы санаттарынзаңдық, ең бастысы, саяси жағынан толық ақтау бойынша бірде-бір арнаулынормативтік мемлекеттік акт қабылдамады. «Жаппай саяси қуғын-сүргіндерқұрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңында (14.04.1993 ж.) қуғын-сүргін құрбандарыныңбұл санаты мүлдем айтылмаған. Бұл қуғын-сүргін өзінің мерзімі жөнінен ең ұзақболып, барынша жүйелі түрде жүргізілгеніне, оның тырнағына іліккен адамдар саныныңкөп екеніне қарамастан, осы заңда Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшінкүресіп, құрбан болғандар туралы бірде-бір сөз жоқ.

Кеңесдәуірінде қазақ ұлты, дәлірек айтқанда оның саяси және қоғамдық элитасы,объективті және субъективті себептерге орай, өз халқының мүдделерін жұмылақорғауға қабілетті бола алмады. Біздің бұрынғы билік кезінде мемлекеттік жәнеқоғамдық қызметте жеткілікті тәжірибе жинақтаған, елге танымал, көзі ашық, етітірі, білімді және білікті патриоттарымыз партия-кеңес органдарында жұмысістеуге жіберілмеді, тіпті қызметке тартылған күннің өзінде де, ол орындатұрақтатпай, тез шығарып тастады. Өйткені олар қай жерде де халықтың мүддесін принциптітүрде қорғап, сол үшін «ұлтшыл» деген жалаң айыптауға ұшырап, қамауға алынды,жер аударылды, атылды.

Қазақстандағыжаппай саяси қуғын-сүргіндердің ақталмаған құрбандарын қоса алғанда, 20-данастам санаттың (біздің есебіміз бойынша) ішінен іс жүзінде 5-6 санат қана, оныңішінде «екілік», «үштік», «алқалық» соттар деп аталатындардың үкімдерімен жәнешешімдерімен, прокуратураның «ерекше кеңестерімен» сотталған адамдар, сондай-ақКеңес Одағының басқа республикаларынан Қазақстанға күштеп қоныс аударылғанұлттардың өкілдері заңдық тұрғыдан ақталды.

Ғалымдардың сараптама тобы саяси қуғын-сүргіндерқұрбандарының мына санаттары заңдық, сондай-ақ саяси жағынан міндетті түрдетолық ақталуға тиіс деген қорытындыға келді:

 1. Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшінөркениетті түрде күрескен халықтың (адамдар тобының), саяси және қоғамдықұйымдардың, сондай-ақ осындай идеалдары мен мақсаттары үшін қоғамдық-саяси,рухани, қызметтік, ғылыми, мәдени және шығармашылық салаларда мемлекеттікқудалау мен қуғын-сүргінге ұшыратылған адамдардың саяси әрекеттері ескірумерзіміне қарамастан, саяси тұрғыдан ақталуға тиіс. Атап айтқанда, «Алаш»халықтық-патриоттық және демократиялық қозғалысы мен партиясының, «Қазақ халқынқорғау одағының»  (Орал қаласы), ЕСЕП(Қарағанды облысы), «Жас ұлан» (Павлодар облысы) партияларының қатысушылары, 1916жылғы және 1986 жылғы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысушылар, сондай-ақ қазақхалқының азаттығы мен Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен басқа қоғамдық-саясиқозғалыстар мен ұйымдардың қатысушылары, жекелеген қаһармандар саяси тұрғыданбағаланып, ақталуға тиіс. Мысалы, Н.Құлмағамбетов, Х.Қожахмет және басқалар осысанатқа жатқызылуға тиіс. Бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарында тұрған, 1918жылы М.Тынышпаев пен М.Шоқай басқарған Түркістан автономиясын құруға қатысқаныүшін қатыгез, қанқұйлы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған отандастарымыз да саясижәне заңдық жағынан ақталуға тиіс. Себебі бұл – біздің әлі күнге дейінақтаңдағынан арылмаған тарихымыздың, толық ақталмаған қаһармандарымыздың бірбөлігі.   

2. ТәуелсізҚазақстан «қазақ буржуазиялық ұлтшылдығы» (кейінгі кеңес дәуірінде – «қазақұлтшылдығы») деп аталатынға халықаралық нормалар мен ғылыми стандарттарғасәйкес объективті баға беруге және осы жалаң айыптың құрбаны болған барлықадамды саяси тұрғыдан ақтауға міндетті. Бұрынғы Кеңес Одағыныңбольшевиктік-сталиндік, содан кейінгі коммунистік билігі В.И.Лениннің әрбір ұлттың өзін-өзі жеке мемлекет болып шығуға дейін айқындаубойынша ажырамас құқығы бар екені туралы барлық саяси және ғылыми мұрасынсатып, қазақ және басқа халықтардың ұлт-азаттық күресін басып-жаншу,Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі туралы идеяның өзін құрту, сондай-ақресми мемлекеттік қудалау мен қуғын-сүргінді ақтау мақсатында қазақ халқын«буржуазиялық ұлтшылдықта» айыптады. Осы идеяны жақтаушыларға «ұлтшыл» таңбасы тағылды.Сөйтіп, Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі туралы идея қуғын-сүргінгеұшырап, қазақстандықтардың қоғамдық және жеке санасынан аластатылды. Сондықтанда Қазақстанның ұлт-азаттығы үшін күресіп, құрбан болғандар ғана емес,ұлт-азаттық идеясы да саяси тұрғыдан ақталуға тиіс.

Большевиктік-коммунистікбилік және ол құрған КСРО ОГПУ, НКВД, КГБ, ІІМ органдары, олардың Қазақстандағықұрылымдары (қолшоқпарлары), прокуратура органдары мен соттар 70 жыл бойы бүкілсалада жүйелі түрде «ұлтшылдық ошағы» мен «ұлтшылдарды» тауып, Қазақстанныңазаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен нағыз қаһармандарды қуғын-сүргінге (ашықжәне жабық түрде) ұшыратты. «Қазақ буржуазиялық ұлтшылдығымен» және«ұлтшылдықпен күрес» деген желеумен ұлттық саяси, шығармашылық, ғылыми, руханиэлитаның үздік бөлігі жойылды.

   Сондықтан да Қазақстанның азаттығы ментәуелсіздігі үшін күрескендердің батырлығы мен ерлігін мемлекеттік деңгейдебіздің көпұлтты халқымыздың ең биікмемлекеттік құндылығы, ұлттық қазынасы деп тану қажет. Бұл қазынақазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпағын патриоттыққа жәнеадамгершілікке тәрбиелеу үшін сақталуға және мәңгі есте қалдырылуға тиіс. Атапайтқанда, қазақ халқы мен Қазақстанның мүдделерін қорғағаны үшін «қазақбуржуазиялық ұлтшылы» деп айыпталып, әртүрлі саяси қуғын-сүргінге ұшыратылған,1911 жылы Орал қаласында «Қазақстан» газетін ашқан ақын Елеусін Бұйрин,экономика профессоры болған алғашқы қазақ Әзімбай Лекеров, ату жазасынакесілген алғашқы қызымыз Шахзада Шонанова, әдебиетші Есмағамбет Ысмайылов,тарихшы Ермұхан Бекмаханов, Қазревкомның мүшесі Тимофей Сидельников, музыкатанушыАлександр Затаевич, «Алаш» партиясының қырғыз филиалын ашқан Ишанәлі Арабаев,дін қызметшісі Ақмырза ишан, дәрігер Әбубәкір Алдияров және Қазақстанның басқада ондаған мың нағыз патриоты – қаһарманы жариялы түрде саяси тұрғыдан ақталуғатиіс.

3. ТәуелсізҚазақстан саяси себептер бойынша сотсыз және тергеусіз өлтірілген ондаған мыңқұрбанға (зерттеушілер оның саны бұдан әлдеқайда көп дейді) – 1917 жылданбастап, 1930 жылдардың ортасына дейін Қазақстанда Кеңес өкіметін күштеп жәнезаңсыз орнатуға, таптық, тектік, ұлттық және діни белгісі бойынша қудалауғақарсы, сондай-ақ тәркілеу, ұжымдастыру, мал, астық дайындау жөніндегі жәнебасқа да саяси науқандарға қарсы бой көтерген 372 (ресми емес деректер бойынша 400-ден астам) халық көтерілісінеқатысушыларға саяси баға беріп, оларды ақтауға тиіс. Барлық көтеріліс бойыншасотсыз, тергеусіз өлтірілген адамдардың жалпы санын анықтау аса маңызды.

4.Тарихымызда таяуда ғана орын алған өте сорақы фактілер – 1916 жылғы ұлт-азаттықкөтеріліске қатысушыларды патшаның жазалаушы жасақтары мемлекеттік қудалау менқуғын-сүргінге ұшыратқан кезеңде, әсіресе Кеңес өкіметі орнатылған кезденбастап, 1930 жылдардың соңына дейін большевиктік-сталиндік режимніңҚазақстандағы халыққа қарсы және қылмыскер акциялары мен іс-әрекетініңсалдарынан жүздеген мың (кейбір зерттеушілер миллионнан астам деп, табандытүрде дәлелдеп отыр) қазақтың Қазақстаннан қуылу фактісі бойынша мемлекеттікшешімдер қабылдап, осы жағдайға мемлекеттік баға беріліп, жат жұртқа кеткенқандастарымыз саяси-құқықтық жағынан ақталуға тиіс. Бүгінгі күні олардың 5миллионнан астам ұрпағы (қазақ халқының үштен бір бөлігі) өзінің тарихиОтанынан тыс жерде өмір сүруде. Олар өздерінің ата-бабаларын туған жерінен қуыпжіберу фактісіне тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік деңгейде объективті саяси бағабереді деп үміттеніп, күтіп отыр.

5. Байлардың, жартылай феодалдар мен кулактардың меншігі мен мүлкінтәркілеу науқанын жүргізу кезеңінде сотталған адамдар да заңдық жағынан толықақталуға тиіс. Осы науқан кезінде меншігін тәркілеу, жауапқа тарту және отбасымүшелерімен, туыстарымен бірге жер аудару мақсатында әрбір байға, кулакқа,жартылай феодалға (тіпті орташаға да), ауылдың көзі ашық азаматтарына қозғалғанқылмыстық істер бойынша үкімдердің күшін жойып, қылмыстық және әкімшілікжауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау қажет. Архив деректері бойынша, осындайадамдардың саны тек 1930 жылдың қаңтар-маусымының өзінде 54 625 бай, іріжәне орта шаруа қожалығын (200 мыңнан астам адам) құраған. ҚазОАК пен ҚАКСР ХКК-нің1930 жылғы 19 ақпандағы қаулысымен құрылған, И.Құрамысов, А.Асылбеков және В.Ольшанскийбасқарған комиссияның, республиканың облыстары мен аудандарындағы осыған ұқсаскомиссиялардың барлық материалдарын құпиясыздандыру қажет.

6. Дінге қызмететкені үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дәстүрлі дін өкілдері саяси-құқықтықжағынан толық ақталуға тиіс. «Сопы» арнайы операциясы мен басқа да дінге қарсынауқандардың жүздеген, мыңдаған құрбаны әлі күнге дейін ақталған жоқ. Ресейде бұлсанат сонау 1996 жылы РФ президентінің жарлығымен ақталды. 

7. 1939-1945жылдары кеңес басшылығының кінәсі мен кешірілмес салғырттығының салдарынанфашистік Германияда, Финляндия мен басқа да Еуропа елдерінде тұтқында болғанқазақстандық әскери тұтқындар заңдық жағынан ақталуға тиіс. Олар екі империялық-диктаторлықмемлекеттің агрессияшыл халықаралық саясатынан зардап шегіп, концлагерьлердіңбарлық қиындығы мен азабын бастан кешті. Алғашқы мүмкіндік туған кезде-ақкөтерілісшілер қатарына, партизан отрядтарына, одақтастардың әскерлері мен кеңесармиясының жағына өтті. Олар Қазақстан мен оның халқын сатпады. РесейФедерациясында әскери тұтқындар 1995 жылдың өзінде президенттің жарлығымен саясиқуғын-сүргіннің құрбандары ретінде ақталды.

8. Ет, астықдайындау жоспарын орындамағаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстанаумағында қолданылған РКФСР ҚК-нің 107-бабы бойынша сотталған ондаған мыңқазақстандық та заңдық жағынан толық ақталуға тиіс. Тек қана 1928 жылдыңқаңтарынан 1929 жылдың 15 желтоқсанына дейін осы бап бойынша 52 300 адамсотталған. Жұмысқа кешіккені, жұмыстан рұқсатсыз кеткені, астықтың бірнешесабағын әкеткені және басқа да болмашы ағаттықтары үшін сотталған төменгі жәнеорта буын қызметкерлері де заңдық жағынан ақталуға тиіс. Бұл бойынша 1932жылдың тамызынан бастап, бар-жоғы бір жыл ішінде 33 345 қазақстандықсотталған.

9. «Бандылыққұрылымның қатысушылары», «шпиондар», «Отанды сатқандар», «диверсанттар» депаталатын, қолданыстағы «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы»ҚР Заңының 6-бабына сәйкес, ақталуына мүлдем тыйым салынған адамдар да заңдықжағынан ақталуға тиіс. Бұл үшін осы заңнан аталған бап алып тасталуға нетолықтай қайта қаралуға тиіс.

10.Өңірлерде ойдан шығарылған басқа айыптаулар мен баптар бойынша сотталған,«Алаш» қозғалысы мен партиясының қатардағы қатысушылары (тіпті оған тілектес,ниеттес болып, ұйымдастырушылық, материалдық және қаржылық көмек көрсеткендер),сондай-ақ жергілікті жерлерде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған «Алаш» әскери құрылымдарының10 мыңдай сарбазы мен сардары заңдық және саяси жағынан толық ақталуға тиіс.

11.Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресте орыс, еврей, өзбек, украин,белорус, ұйғыр, қырғыз және басқа да ұлт өкілдері – интернационалистеркөрсеткен батырлық пен ерліктің жүздеген, мыңдаған фактілеріне, солардыңарасынан шыққан саяси қуғын-сүргін құрбандарына мемлекеттік баға беріліп, оларсаяси тұрғыдан ақталуға тиіс.

12. Өзініңшыққан тегіне, қызметінің түріне байланысты азаматтық құқықтарынан, ең алдыменсайлау құқығынан айырылған адамдар да қуғын-сүргін құрбандары ретінде саясижағынан ақталуға тиіс. Олардың қатарына дін қызметшілері, байлар, кулактар,олардың отбасы мүшелері және өздерінің саяси және азаматтық құқықтарынанайырылған басқа да құрбандар (барлығы 30 санат) жатады.

13. Баспрокуратураның, ІІМ-нің, ҰҚК-нің деректері алынғаннан, осы ведомстволардыңархивтері құпиялықтан шығарылып, олардың жабық қорларына зерттеушілердің қолыжеткеннен кейін, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеп, парламентте қарау барысындасаяси қуғын-сүргін құрбандарының жаңадан ашылатын, ақталмаған басқа санаттарыда ақталуға тиіс.

14.Прокуратура, ІІМ және ҰҚК органдарында қылмыстық тәртіптегі қуғын-сүргіндердіңөздеріне қатысты іс қозғалып, айып тағылған және процестік шешімдер шығарылған,кейіннен ақталған құрбандары бойынша анағұрлым дәл статистикалық деректер бар.Әкімшілік тәртіптегі саяси қуғын-сүргіндердің құрбандары ішінен тек Қазақстанғадепортацияланған халықтардың өкілдеріне қатысты ғана ақтау туралы мейліншетолық статистикалық деректер бар.        1993 жылғы 14 сәуірдегі заңдыорындаушылардың айтуынша, осы заңда көрсетілген, ақталуға жататын саясиқуғын-сүргіннің 10-нан астам түрі (жер аудару, итжеккенге айдау, еңбекжауынгерлері, арнаулы қоныстарға жіберу және басқалар) бойынша деректер толықемес немесе мүлдем жоқ. Бұл осы қуғын-сүргін түрлері бойынша құрбандарды ақтаужұмысы толық жүргізілмегенін айғақтайды.

3-бөлім. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Тұжырымдаманыіске асырудың басым бағыттарында мынадай іс-шаралар көзделеді:

1) Қазақстандағысаяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын заңдық және саяси жағынан толық ақтауістері бойынша мемлекеттік комиссия құру. Комиссия мемлекеттік билік органдарыныңбелгіленген іс-шараларды бұлжытпай орындау бойынша үйлесімді іс-қимылын,сондай-ақ қажетті заңнамалық және нормативтік актілердің қабылдануын қамтамасызететін үйлестіруші орган болады.

2) КімдіҚазақстандағы саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны және содан жапа шеккен депсанауға болатынын бағалайтын өлшем шарттарды анықтау. Осы міндет үшін саясиқуғын-сүргіндердің тарихы бойынша ақтау процестерін ғылыми зерттеу және жүргізутәсілдерін бір ізге түсіру мақсатында арнайы энциклопедия немесе сөздік түріндежалпыға бірдей қабылданған мамандандырылған глоссарий («Отаршылдық пентоталитаризм глоссарийі») әзірлеу қажет.

3)Қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңына жасалғанталдау саяси қуғын-сүргіндер жөніндегі архив материалдарын құпия ұстау меноларға, әсіресе ғалымдар мен зерттеушілердің қол жеткізуін шектеуге ешқандайқұқықтық-заңдық негіз жоқ екенін көрсетті. Керісінше, осы заңның 17-бабының 11-тармақшасында«… саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргінтуралы, оның ішінде архивтегі мәліметтер құпияландырылмауға тиіс» деп тікелейкөрсетілген.     

«Жаппайсаяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңындағы ақталғанадамдардың туыстарына қылмыстық істің процестік сипаттағы құжаттарымен танысуқұқығын бермейтін норманы (16-бап) алып тастау қажет. Сарапшылардыңтұжырымдауынша, біздің күш құрылымдары бастама жасаған бұл норма ешқандай сынкөтермейді және ол қамаудағыларды қорлау мен азаптау, адам құқықтарын өрескелбұзу, құжаттарды бұрмалау фактілері мен жазалаушы органдардың басқа даізгілікке жат әдістерін жасыру мақсатында қабылданған.

4) Саясиқуғын-сүргіндердің ақталмаған құрбандарының тізбесін барынша толық жәнеобъективті түрде жасау үшін бүгінгі күннің өзінде мемлекеттік деңгейде тиістішешім қабылдап, ІІМ-нің, ҰҚК мен бас прокуратураның басшылығына осы органдарархивтерінің жабық қорларына ғалымдар мен зерттеушілердің еркін қол жеткізуінқамтамасыз ету жөнінде жазбаша нұсқама (нұсқау) беру қажет.     

4-бөлім. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Қуғын-сүргіндерқұрбандарының осы санаттарын саяси жағынан ақтау, сондай-ақ біздіңқаһармандарымыз Қазақстанның азаттығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшінжасаған батырлық пен ерлікті мемлекеттік бағалау осы мәселе бойынша Жоғары мемлекеттік актілер қабылдансағана мүмкін болмақ.

1. Бастапқыкезде, мысалы, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын еске алу күніненемесе 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай және «Тәуелсіздіктің 30 жылдығын»дайындау мен өткізу аясында «Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшінкүрескендер туралы» ҚР президентінің жарлығын қабылдаған жөн (жарлықтың жобасыдайын). Осы жарлықта президент үкіметке осы құжатпен аттас заң жобасын әзірлеп,парламентке енгізуді, сондай-ақ «Саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын ақтаутуралы» жаңа заң жобасын немесе қолданыстағы заңнамаға іргелі өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырған болар еді. Көрсетілгенжарлық елдің саяси өмірінде көптен күтілген аса ірі оқиға болып, биліктіңимиджін нығайтатын, осы проблема бойынша өзекті мәселелерді шешуге ықпал етіп,ғылыми-зерттеу жұмысына жол ашатын еді.

Аталғанзаңнамалық актілерді қабылдап, белгіленген шараларды іске асыру бюджеттен шығысшығаруды талап етпейді, себебі бүгінгі күні саяси қуғын-сүргіндердің көзі тірі тікелейқұрбандары қалған жоқ, ал олардың ұрпақтары мен мүдделі қоғамдық ұйымдар текқана осы адамдардың заңдық және саяси жағынан толық ақталуын талап етіп отыр.

2. Парламентдепутаттарының қазіргі, сондай-ақ болашақ құрамына ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» ҚРЗаңының қабылдануына байланысты құрылған екі комиссиясының (Саяси қуғын-сүргіндерқұрбандарының ақталуын бақылау жөніндегі комиссия, Заңнамалық актілерді, үкіметтің,партия органдары мен басқа да органдардың шешімдерін құпиясыздандыру жөніндегікомиссия) жұмыс нәтижелеріне талдау жасап, осы заңның тиісінше орындалмау себептерінанықтау жөнінде өтініш жасау қажет деп есептейміз.

3.Қазақтардың өз Отанынан қуылу себептері мен мән-жайларын анықтау бойыншамемлекеттік комиссия құрып, босқындар мен қайтыс болғандардың санын және қазіргікезге дейін жабық болып келген және зерттелмеген басқа да мәселелердіанықтауды, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде тиісті шешімдер қабылдауды ұсынамыз.Қазақстаннан қуылып, саяси қуғын-сүргіннен босқын кебін киген адамдардыңшетелде тұратын ұрпақтары және еліміздің болашағы үшін бұл өте маңызды.

4.Сараптама-жұмыс тобы ҚР БҒМ-ның басшылығынан:

– Ш.Ш.Уәлихановатындағы Тарих және этнология институтына бағдарламалық-нысаналы қаржыландырушеңберінде «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер және олардың құрбандарын ақтаупроцесі: дерекқорды құру» деген тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудітапсыруын;

– ҚазақстанРеспубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты Қазақстанныңазаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескендерді (қаһармандарды) ақтау және олардыңбатырлығы мен ерлігін мәңгі есте қалдыру жөніндегі отандық және шетелдікғылыми-талдамалық материалдардың жинағын шығаруды  өтінеді.

5. Саясиқуғын-сүргіндерді орталықтандырып зерттеу және ақтау процестерін жүргізумақсатында ұлттық деңгейде мамандандырылған ведомство, мысалы Ұлттық естесақтау институтын (Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша), құруды ұсынамыз.Аталған институттың республикалық маңызы бар барлық қалада, облысорталықтарында филиалдары болуға тиіс. Мысалы, 2018 жылғы 16 желтоқсанда Алматыоблысы Талғар ауданының Жаңалық ауылында ашылған «Ұлттық Азалы Ата Бейіті»ұлттық аза тұту орны болып табылатын, саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын ескеалу музейі осындай филиалдардың бірі бола алады.  

Қорыта келе,осы тұжырымдама тәуелсіз Қазақстанның және қазақстандықтардың қазіргі ұрпағыныңжазықсыз жазаға ұшырап, қаза тапқан, азапты сынақтар мен қуғын-сүргіндерденөткен ондаған, жүздеген мың ата-бабамыздың естелігі алдындағы қасиеттіборышымызды кеш болса да, орындауы үшін негіз болады деп үміттенеміз. Бұл –біздің аруақтар мен қаһармандардың алдындағы міндетіміз.

Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,Ш.Уәлиханов атындағытарих және этнологияинститутыныңдиректоры, тарихғылымдарыныңдокторы, 

Бүркітбай АЯҒАНОВ,Мемлекет тарихыинститутыныңдиректоры, тарих ғылымдарыныңдокторы, 

Сабыр ҚАСЫМОВ,«Қаһармандар»РҚҚ президенті,заң ғылымдарыныңкандидаты,

 Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ,тарих ғылымдарыныңдокторы, академик.(Барлығы 30-ға жуық қоғамқайраткерлері қол қойған)

Тегтер: