Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:56, 05 Наурыз 2022

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мақсатында маңызды жұмыстар жүргізілмек

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған Үндеуінде саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын толық ақтауды тапсырған болатын.

Осы орайда, елімізде арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық саяси және заңды түрде ақтау мақсатында арнайы кеңес отырысы өткізілді.

Сондай-ақ мемлекеттік комиссия құрамы  49 адамнан жасақталған. Оның ішінде ҚР президент әкімшілігі мен үкіметінің өкілдері мен ҚР парламенті Сенаты мен мәжіліс депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, мүдделі мемлекеттік ұйым басшылары мен еліміздегі бірқатар ғалымдар кіреді.

Енді тарихқа шегініс жасасақ, 1921-1922  жылдары қазақ  мемлекеті үшін ең ауыр зардапты кезеңдердің бірі болды. Сол тұста Алашорда қайраткерлерінің барлығы өкіметтегі ықпалынан айрылып, қамауға алынған еді. Сол зұлмат уақыттарда халық та қуғын-сүргінге ұшырап, ашаршылыққа ұрынатындай жағдайға жетті. Қаншама адам аштықтан қырылып, құрт-құмырсқа теріп кеткен еді. Алайда мұндай қиын-қыстау кезеңде ұлт қайраткерлері ықпалдарынан айрылғандарына қарамастан, халыққа барынша жағдай жасап кетуге тырысты. Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай  қуғын-сүргін кезеңіне былай деп баға берген еді: «1921 жылдың күзi мен 1922 жылдың көктемi қазақ мемлекетi мен ұлты үшiн саяси, экономикалық, ұлттық мәселелердiң ширыға шиеленiскен тұсы болды. «Алашорда» қайраткерлерiнiң өкiмет басындағы ықпалы сақталған ең соңғы маусым едi.   Жазға қарай жаппай қамауға алынғанына қарамастан өздерiнiң ұлт  алдындағы парызын орындап кеттi. «Аштарға көмек» комиссиясы ВЦИК-тің жанынан 1921 жылы 18-маусымда құрылып, 1922 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Оның бөлімдері барлық республикаларда ашылды. Қазақстандағы комиссияның басты міндеті – еуропалық аштарға азық-түлік жөнелту болды. Бір жарым миллион адамның өмірін үзген ашаршылыққа назар аудармастан Аралдың балығы Поволжьеге жөнелтілді. Павлодар уезінде аштарға деп жиналған ет еуропалықтарға жетпей, сасып жатты. Ал онымен жапсарлас Торғай өңірінің қазақтары аштан қырылып, ел кезіп, «без теріп» кетті.Осыған орай Қазақстан мен Түркістан деңгейінде А.Байтұрсыновтың ұсынысымен «Аштарға көмек» комитеті құрылды. Басында бейтараптық танытқан Өлкелік комитет, ел-жұрттың алдындағы беделінен айырылып бара жатқанын көріп, еріксіз араласады.», дейді профессор.

Сондай-ақ қуғын-сүргін комиссиясы бұған дейін 1921 жылы 10 желтоқсан күнi қазақ қызметкерлерi арнайы комиссия құрып, кеңес өткізген болатын. Жолдас Жангелдин төрағалық еткен жиынға қоғам белсенділері Мұхтар Әуезов, Алманов, Абдолла Асылбеков, Амзе Нахимжан, Асфендияр Кенжин, Ахмет Байтұрсынов, Абдрахман Байдiлдин, Төлепов, Жаманмұрынов, Сарымолдаев, Авдеев, Найманбаев, Нұрмаханбетов, Игiлiков, Қаржасов, Тұнғаншин, Бiржаров, Оразбаева, Саматовтар қатысып, күн тәртібінде екі мәселені көтерген болатын.

Бірінші мәселе – қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру.

Екінші мәселе – Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану, сондай-ақ Түркiстан Республикасына қоныс аударған қазақ қызметкерлерiн керi қайтарудың амалын қарастыру.

Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы М. Әуезовтiң баяндама жасап, артынша  «Еңбекшi қазақ» газетіне көлемді мақала жариялаған болатын. Алашордашылар мақаланы қолдау мақсатында ташкенттік  «Ақ жол» газеті арқылы насихаттай бастады.  Әуезовтің мақаласынан кейін Қазақ Автономиясында 1 миллион 559 мың адам аштықтың тырнағына iлiнiптi. Қазақ Республикасындағы баспанасыз, қаңғып қалған балалардың саны 1 желтоқсанда – 128 мыңға, 31 желтоқсанда – 158 мыңға, 1922 жылдың қаңтар айында 333 мыңға, наурыз айында – 408 мынға жеткен. Бұлар тек есепке алынған аш балалар. Ал қалаға жете алмай далада сүйегi шашылып қалғандар қаншама. Осындай аштықтың салдарынан адам шығына көбейіп, «Аштарға көмек комиссиясы» құрылып, 1921 жылы Түркістанға 20 мың еуропалық тұрғындар жіберілген.  Осылайша, комияссияның арқасында аштықтың алдын алмаса да, қалған халыққа әжептәуір көмек көрсетілді. Ал қуғын-сүргін құрбандарын ақтау әлі күнге нақты шешімін таппады. Сол себепті, қазір елімізде Мемлекет басшылының қолдауының арқасында арнайы комиссиялар құрылып, әлі де қуғын-сүргін құрбандарын заңды ақтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тегтер: