Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:30, 23 Сәуір 2020

«Құл қожайынның тілінде сөйлейді»

  Исі қазақ аман тұрғанда  қазақ тіліөлмесі хақ. 
 Бірақ  қазақ тілі  мемлекеттік тілдің  деңгейіне де,  ұлтаралық  тілге де айнала алмайды.
Әрине, әзірге.  Тізсек себеп көп. Рас,қазақ  тілі  мәселесін бұдан бір  ғасыр бұрын Алашарыстары да көтерді.  Жалпақ  жұртқа есім-сойы  таныс Алаш көсемдері  Әлихан   Бөкейханов, Міржақып Дулатов,  АхметБайтұрсынұлы бастаған   топ та, «қызылсұңқарлар»  тізімінің басында тұрған  Сәкен Сейфуллин де  тіл мәселесінен айналып  өте алмады.  Тіпті Сәкен Сейфуллин халық комиссарлар советінің төрағасы  болып тұрғанда қазақ тілінің мемлекеттік тілге,  кеңсе  тіліне айналуына күш  салды. «Еңбекшіл қазақ» газетіне  «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек»(09.06.1923), «Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу» (25.06.1923)  және т.б көптеген  мақала  жазды. Арда азаматтың  бұл жанайқайы зая кеткен  жоқ. Сол жылы қарашада  (1923 жыл, 22қараша)  Қазақстан орталық атқарукомитеті кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу туралы шешім қабылдағаны белгілі. Алайда  одан бері жылжыпғасыр  өтті. Қазақ тілінің көсегесікөгеріп кетті ме? «Баяғы жартас – бір жартас».

    Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде қазақтілінің емес,  орыс  тілінің мейманасы  тасыды. Мұхтар Мағауиннің тілімен айтқанда: «Күнделіктітіршілігінің  баршасы – көшеде, дүкенде,көлікте, ең аяғы асхана мен дәретханада орысша сөйлеуге  мәжбүрсің. Яғни құлағың, жүйке, жүрегің,жұлын-тұтаң  тұрыпты, аузыңдағытіліңе  дейін  орыстыкі». Ащы да  болса шындық. Қазақы  шаңырақтың есігін ашып сыртқа шықсаң,  дүние орыс тілінде сөйлеп  тұр. Бұл  мәселе сан рет айтылып, жазылды.  Қазақ тілі өз мәртебесіне  жеткенше айтыла да береді. Бүгінде тіл жанашыры,  белгілі ақын, «Жас  қазақ үні» басылымының  бас редакторы Қазыбек Иса  «Конституциядағы 7-баптың2-тармағын алып  тастап, мемлекеттіктіл  туралы заң қабылдау керек»деген  ұранмен президентке ашық  хат жазып, қол жинап жатыр. Дұрыс, қолдаймыз.Қазақ тіліне келгенде сірескен сеңнің көбесін сөгу керек. Алайда олардың 12-13 күнде 100 мыңнан аса қол  жиналды деп қуануы қажет пе?Керісінше, күңіренуі  тиіс-тұғын.«Тілді  қорғайық,  қолдайық» деп, ақсарбас айтып,  ұран салған10-15  күннің  ішінде елде отырған  13 миллионға  тақау қазақтың кем дегенде 5-6 миллионы қолдап шыға  келуі керек еді. Амал  қанша? Небәрі 100 мыңның  үстінде. Бұл теңізгетамған тамшыдай  ғана  дүние. Бұл ненің  белгісі? Қазақы немқұрайдылықтың,  салғырттықтың, бойкүйездіктің,  ұлттың өз тіліне деген   құрметі  кемдігінің белгісі. Бұл  жерде қоңсы отырғанөзге  ұлт өкілдерін кінәлау артық  болар. Өйткені қазақтың  өзі өз  тілінен «жерініп»  тұрғанда, өзгеге сұқ саусақ көрсету әбестік.Кінәні орыс  тілінде сөйлейтін билікке, үкіметке,парламентке, әкімқараларға һәм орыстілді қаракөздерге арту керек. Біздің  ең үлкен  трагедиямыз  осы. 

 Мемлекеттік тілді қолдауға 300-500 мыңқол  жиналар. Ашық  хат президенттің  алдына барар. Алайда қулығына  құрық, сұмдығына  сырық бойламайтын билік  «бәрін де біліп, көріп  отырмыз, уақыты келер, реттерміз»  деп арқадан қағып, жылмиып күліп шығарып салары анық. Бұдан бұрын да «қазақ тіліұлтаралық тілге айналуы тиіс»  деп,қазақтың  ең  осал жерін  дөп басып, жұбатыпқойғаны  бар. Бұл  жолы да солай болары  белгілі.   Дегенмен «тілді қорғайық»  деп, қоғамды  сілкіндіріп қоятын,  қазақтың санасына ой  тастайтын  іс-шаралар  қажет-ақ. Бірақ қазіргі  биліктің жер қозғалса да,  қазақ тіліне келгенде  қозғала қоюы екіталай. Үміт аз.

 «Құл қожайынның тілінде сөйлейді» дегенбар. Кеңестік идеология  сүйегімізге  дейін сіңіріп жіберген  құлдық психологиядан  әлі арыла алмай жатырмыз.  Қожайынның тілінде сөйлегенді мәдениеттің биік деңгейі  деп білеміз. Еңүлкен сорлылық – осы.

 Қайтпек керек?  Демек, ең бастысы, ұлт  өз  санасында төңкеріс жасауы тиіс. Санадасілкініс орын алып, отарсыздану үдерісі жүрмей, азаттықтың  дәнегі  бүр жармай, өз  тілімізді  өрге шығарамыз  деу бос әурешілік.

 Күлтегін БЕК

Тегтер: