Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 14 Тамыз 2023

Құны 1,6 млрд теңге болатын орман мемлекетке қайтарылды

None
None

Жлпы құны 1,6 миллиард теңге болатын орман алқабы мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.

 

«Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 264 га сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды. 

Учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген.

Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген. 

Жоғарыда аталған мән-жайға сүйеніп, аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті орган сотқа жүгінді.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды», — деп жазды облыстық прокуратура

Тегтер: