Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:47, 24 Мамыр 2023

Құқық қорғау органдары банк мәліметтер базасын қарауға мүмкіндік алуы мүмкін

None
None

Қазақстанда құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерін екінші деңгейлі банк жүйелерімен біріктіру мәселесі талқыланып жатыр.

«Ашық НҚА» сайтында Ішкі істер министрлігі тұжырымдамасының жобасы жарияланды, — деп хабарлайды Жас Алаш.

Норма қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген.

"Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында заңсыз банктік операцияларға жедел ден қою үшін екінші деңгейлі банктердің дерекқорларын құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграциялау жоспарланып отыр. Аяқтау мерзімі — 2024 жылдың екінші жартысы", — делінген хабарламада.

Жауапты орындаушылар ретінде тұжырымдама мақұлданған жағдайда Бас прокуратура, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көрсетіледі.

Тегтер: