Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:12, 11 Тамыз 2021

Құқық саласы: сот жұмысын ұйымдастыру мен пилоттық жобаларды іске асыру

None
None

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденовтің республика судьяларымен БКБ арқылы кеңесі өтті.

       Кеңесте сот жұмысын ұйымдастыру және пилоттық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Оның ішінде семинарда татуластырушы судьялардың жұмысын ұйымдастыру, олардың талап арызды қабылдау кезеңіндегі жұмысының нәтижелілігі, анықтамалардың сапасы және оңайлатылған іс жүргізу істері бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу мәселелері туралы сөз болды. Сонымен қатар шақырудың мазмұнына, тараптарды татуластыру рәсімдеріне шақыру тәртібіне қойылатын талаптарға және оны өткізуге, көрсетілген іс-әрекеттерді іс материалдарында көрсетуге, сондай-ақ талап қоюды қабылдау сатысында мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударды.

         Жоғарғы соттың судьясы Ұ.Сүлейменова:

   – Соттардың еңбек дауларының профилактикасы бөлігінде кәсіподақтармен, медиаторлармен, еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен және еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ нотариустармен және ұйымдармен жалақыны өндіріп алу туралы дауларды шешудің соттан тыс тәртібі бойынша өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалақыны өндіріп алу, сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау, өтініштерді қайтару немесе істі дайындау, немесе қарау сатысынан сотқа дейінгі тәртіпті сақтамауға байланысты талап қоюларды қараусыз қалдыру туралы талап арыздарды негізсіз қабылдау фактілеріне талдау жүргізілді. Еңбек медиация кабинеттері жұмысының тиімділігі зерттелді, – деді.

       Сондай-ақ соттардың отбасылық даулардың профилактикасы бойынша жүргізген жұмыстары: отбасылық консультациялар кабинеттері қызметінің нәтижелері, неке келісімшарттарын, алименттік келісімдерді жасасу, ювеналды әділет органдарымен, жұмыспен қамту орталықтарымен, наркологиямен және қорғаншылық органдарымен өзара іс-қимыл туралы да ақпарат берілді. Бұған қоса, жария қатынастардан туындайтын даулардың профилактикасы, атап айтқанда, мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен және жеке сот орындаушылары палатасымен өзара іс-қимыл туралы сөз болды. Сотқа дейінгі тәртіппен талап арыз қабылдау, мемлекеттік баж салығын төлеу, талап қою өкілеттігінің болмауы, даудың ведомстволық бағынбаушылығына байланысты істерді тоқтату сатысында судьялардың жұмысындағы мұндай кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау атап өтілді.

Банк және сақтандыру дауларының алдын алу туралы айта келе, Ұ.Сүлейменова соттардың ҚНРДА-мен, сақтандыру омбудсменімен, банктер жанындағы татуластыру комиссияларымен, коллекторлармен татуласу орталықтарымен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Тегтер: