Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:08, 24 Тамыз 2022

Құқықтық мәдениетті қоғамға сіңіру қажет

None
None

Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі міндеті – конституциялық нормалардың өміршеңдігін, заң мен сот алдында барлығының теңдігін, азаматтардың өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін саяси, құқықтық және басқа да кепілдіктер жүйесін құруды көздейді.

Азаматтардың жоғары мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ел халқының барлық топтарының жалпы саяси және құқықтық мәдениетін арттыру құқықтық мемлекеттің одан әрі дамуының айнымас алғышарты деп танылуы тиіс. Бұл мәселені шешу білім берудің, тәрбиелеудің дамыған ғылыми жүйесін құруды және демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыруды көздейді. Мемлекетіміз адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық түрде жариялап қана қоймайды, сонымен қатар барлық қажетті экономикалық, әлеуметтік, саяси және құқықтық алғышарттарды жасай отырып, олардың қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының күрделі процесінде құқықтың әлеуметтік реттеуіштер жүйесіндегі рөлі артады. Қоғам мен мемлекет өмірінде құқықтық принциптердің нығаюы байқалады. ҚР президенті Қ.К.Тоқаев мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне негіз болатын мына сөздерді «Елді келісім мен тәртіптің берік іргетасы ретінде заңмен басқару керек» текке айтпаған болатын

Нақыпбек Сәдуақасов, заңгер:

— Жалпы халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының төмендігі, құқықтық нигилизм – құқықтық мемлекет қағидаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі күрделі мәселе. Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық нигилизмді жеңу, осы негізде құқықтық тәртіпті нығайту мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің маңызды бағыттары болып табылады, – дейді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау, қоғамды топтастыру одан әрі ілгерілеудің басты факторы ретіндегі қажеттілікке назар аудара отырып, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тиімділігін, саяси процестің ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру. Сондықтан саяси реформалар жалғаса береді», – деген болатын.

«Мемлекеттің тиімділігін арттыру» кең ауқымды саяси реформалары құқықтық саясат саласындағы елеулі реформаларды да қамтитыны сөзсіз. Құқықтық саясат біздің еліміздің құқықтық даму процестерін басқаруға, қоғам өміріндегі құқықтық құрамдас бөлікті тәртіптілік пен оңтайлы ұйымдастыру дәрежесін арттыруға арналған.

Тегтер: