Құқықтық реформалардың ғылыми ортада талқылануы олардың тиімділігін арттырады

Құқықтық нигилизмпроблемалары Қазақстан ғылыми қоғамдастығын әрдайым алаңдатып отыратыны белгілі,өйткені қолданыстағы заңнаманың қарапайым нормаларын білмеу азаматтарға қиындықтудырған сәттер аз болмағаны анық.
Осыған қарамастан, тәжірибе біздіңреспубликамыз конституциялық құрылыста, егер ішкі құқықтық саясаттың бастымақсаты адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінқорғауды қамтамасыз етсе ғана табысты болатындығын көрсетті.
Желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында адам құқықтары жөніндегі «Адам құқықтары және қазіргі Қазақстанның сот жүйесі: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында І Еуразиялық форумы өтті:
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Омбудсменнің (адам құқықтары бойынша уәкілетті органның), белгілі құқық қорғау ұйымдарының өкілдері және Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің жетекші университеттерінің ғалымдары қатысты.
Аталмыш форумда қоғам үшін сұранысқа ие мәселелер кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында, елімізде сот жүйесін реформалау бойынша кең көлемді жұмыс жүргізілуде, ол сот ісінің беделін тиісті деңгейге көтеріп, сотты жеке құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың сенімді кепілгеріне айналдыруы керек, сонымен қатар шынайы тәуелсіз сот төрелігі арқылы қоғамдағы қақтығыстардың заңды және әділ шешілуіне ықпал ете алуы тиіс.
Конституцияға сәйкес адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары – Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігін білдіретін ең жоғары құндылықтары.
Сот төрелігін орындау кезінде елдің сот билігі оның конституциялық және құқықтық ережелерін қатаң ұстанады, бұл оның құқық қолдану тәжірибесі әділеттілік, адамгершілік, бостандық, адами қадір-қасиет, жоғары мораль және этика сияқты заңның жоғары идеяларына бағдарлануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Зауреш Баймолдина:
— Сот төрелігін жүзеге асырудың халықаралық танылған қағидаттарынанегізделген еліміздің сот жүйесін жетілдіру және модернизациялау ерекше маңыздыболып табылады. Судьяларды іріктеу, оларды даярлау және қайта даярлау,біліктілігін арттыру бүгінгі таңда Сот төрелігі академиясының басым бағыттарынаайналуда. Өйткені, бұл халық пен қоғамның сенімін тудыратын әділ сот құрудыңбірден-бір жолы, — деп пікір білдірді.
Шетелдік сарапшылар қазіргі уақытта аса өзекті болып табылатын қызықты,мазмұнды баяндамалар жасады. Осылайша, Новосибирсктан келген профессор О.Н.Шерстобоевәкімшілік процедуралардың сот процесіне әсер етуімен байланысты істерді қараукезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің ерекшеліктеріненазар аударды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доцентіН.С. Малютин Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының қатысуыменинтеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі адам құқықтарын реттеу мәселелеріменбөлісті.
Отандық ғалымдар, профессорлар М.А. Сарсембаев, Т.Қ. Бурбаев, С.Қ.Амандықов елдің сот жүйесін реформалаудың, әділеттіліктің негізі ретіндесудьялардың құқықтық мәдениетін көтеруден бастап, адам құқықтары саласындағыхалықаралық нормалар мен стандарттардың соттардың құқық қолдану практикасынаәсер етуіне дейінгі кең ауқымды мәселелерін қозғады. Профессор Р.Т. Нұртаевцифрландырудың сот қызметіне әсер етуінің кейбір қауіпті тенденцияларынатоқталды. Профессор Ж.Д. Бусурманов Еуразиялық форумға қатысушыларды өзініңавторлық жақын және алыс шетелдерде жақтаушыларын жинақтаған еуразиялық адамқұқықтарының тұжырымдамасымен таныстырды. Форумның қорытындысы бойынша қарарқабылданды, ол құзыретті мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабы: «ҚазақстанРеспубликасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетретінде көрсетеді, оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтарымен бостандықтары». Негізгі Заңның осы негізгі нормасы қоғамның іргеліқұндылықтарын шоғырландырады, оларды қорғауға республикамыздың бүкіл саяси,экономикалық және құқықтық жүйесі салынған. Демек, заң үстемдігі жағдайындақоғам өмірінде заңның рөлі тұрақты түрде артып келеді.
Еркежан АРЫН