Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:18, 30 Желтоқсан 2021

Құрмет Талапқазы Президент медалімен марапатталды

None
None

 

Биыл еліміздің батыс өңірлеріндегі қуаңшылыққа байланысты еріктілерді біріктіріп, сол облыстарға жем-шөп жіберуге айрықша үлес қосқан Құрмет Талапқазы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» медаліне ие болды,-деп хабарлайды «Жас Алаш» .

Елдің алғысын алған өрелі ұлға марапатты Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев тапсырды.

Құрметтің отаншылдығы жастарға үлгі болатынын айтқан басқарма басшысы оған естелік сыйлық ұсынып, Түркістан өңірінің еңбекқор жұртшылығы игі бастамаларды әрқашан қолдап келе жатқанын атап өтті. Азаматқа елдің ықыласы ерекше екенін жеткізді.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл Түркістан облысының тұрғындары да Маңғыстауға асарлатып шөп жіберу жұмысына белсене атсалысты. Түркістан облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының қолдауымен Маңғыстау өңіріне 100 вагондай жем-шөп жеткізілді.

Айта кетері, бұған дейін  Құрмет Талапқазыға көпшіліктен және меценаттардан жиналған қаражатқа Шымкент қаласынан баспана берілген болатын.

Тегтер: