Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:41, 05 Тамыз 2020

Құс тұмауына байланысты Қазақстан Ресеймен шекарала шектеулер енгізді

Қазақстанқауіпті H5N8 вирусы штаммының табылуына байланысты Ресей Федерациясымен арадағышекараларда шектеулер енгізді,

Ерекше қауіп аймағы — Қазақстанныңсолтүстік-батыс аймақтары.

Ағымдағы жылдың 3-4 тамызындаВетеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтіңЧелябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалықбелгілері туралы ақпарат таратты. Өлі құстардан алынған барлық сынамаларда H5N8тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстардың барлық түрлері тұмауды тезқабылдайтыны белгілі. Бұл ауыл шаруашылық, синантропты және жабайы құстарғажылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Сондықтан, құс тұмауыныңжаппай таралып кету қаупі бар. Осыған байланысты, Увел ауданаралық ветеринарлықзертханасы, Челябі сынақ зертханасы және Владимир қаласындағы жануарлардыңденсаулығын сақтау федералды орталығы жасаған диагноз негізінде, Қазақстанаумағында эпизоотикалық талаптарды сақтау мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығыминистрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналғанжемшөп қоспалары (химиялық және микробиологиялық синтездің қоспаларынан басқа),таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжалар (тірі құстар, жұмыртқалар, құсеті және құс етінің барлық түрлері), сонымен қатар құстарды ұстауға, союға жәнекесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулеренгізді.

Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялықжағдайды облыстардың ветеринарлық қызметі ерекше бақылауға алды.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді депсаналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқатүрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тегтер: