Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 07 Қыркүйек 2023

Қуып жүріп көлігімен соққан. Қалыңдығын өлтірді деп Қаражал тұрғыны күдікке ілінді

None
None

Ұлытау облысы Қаражал қаласының тұрғыны қалыңдықты өлтіріп, туыстарын да өлтірмек болды деген күдікке ілінді.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қызға үйленгісі келген, бірақ олардың арасында келіспеушілік болған. 5 тамызда қыздардың туыстары оны Қаражалдан алып кетіп бара жатқанда жігіт қуып жетіп, көлікті соққан. Салдарынан бойжеткен көз жұмған. Болжам бойынша, ол қыз келе жатқан көлікті бірнеше рет соғып, шұңқырға түсіріп жіберген.

«5 тамызда бес адам зардап шеккен аталған жол-көлік оқиғасы Қаражал қаласының полиция бөліміне 345-баптың 2-бөлігі „Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу“ бойынша тіркелді. 28 жастағы жәбірленушінің қаза табуына болуына байланысты іс 345-баптың 3-бөлігімен «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» деген тармаққа өзгертілді», деп хабарлайды Ұлытау өңірі жол қозғалысының баспасөз қызметі. 

Ведомствода сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, 6 қыркүйекте сараптама қорытындысын алғаннан кейін қылмыстық іс 99-баптың «Адам өлтіру» 1-бөлігіне қайта дәрежеленгенін қосты.

«Сонымен қатар, басқа жәбірленушілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы „Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу“ бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысы облыс прокуратурасы мен ДП басшылығының бақылауында», — деп атап өтті департамент.

Тегтер: