22:44, 26 Тамыз 2021
Қылмыстық іс қозғалды - Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыс туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
"Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ, ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды. Теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды", — деп жазды Президент Twitter-де.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде өрт шыққан.