Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 31 Желтоқсан 2021

Қылышбавты Сенаттан кетірген зейнетақының «тепкісі» емес пе?

None
None

Жыл аяғында бірнеше депутат өз еріктерімін жылы орындарын суытуда. Кеше Бекболат Тілеуханның өз еркімен депутаттықтан кеткенін естісек, бүгін Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтағаны белгілі болуда.

Осы орайда айта кетер жайт, Қылышбаев желтоқсан айының басында зейнетақы ақшасын алу шартының өзгеруін қатаң сынға алған болатын. Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қылышбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз өкілетін тоқтату туралы өтініш бергенін айтты.

Алайда «енді қай салаға барасыз?» деген журналистердің сұрақтарына Қылышбаев «мемлекет қай салаға жіберсе, сонда барамын» деп жауап берді. Демек Қылышбаевтың дайын тұрған қызметі жоқ секілді.

Осы жайттар еріксіз Сенатордың өз сөзі өзіне зиянын тигізді ме деген ойларға жетелейді. Қаңтар айындағы ауыс түйістер бұл ойымызды нақтылай түсер… Дегенмен еске ала кетсек, депутат зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді сынға ала келе, «бұл азаматтардың сенімін азайтады» деп мәлімдеген болатын. Желтоқсан басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қорда міндетті түрде қалуы тиіс қаражат мөлшерінің шамамен екі есеге ұлғаятынын хабарлаған болатын.

Зейнетақы қорындағы «артық ақшаны» пайдалануды жоспарлаған жұрт бұл өзгерістерге қарсылық білдірді. Кейін мәселеге мемлекет басшысы араласып, қордағы қаржыны пайдалану мерзімін сәуір айына дейін созған болатын. Дегенмен Сенатта бес жыл депутат болған, оған дейін Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі қызметін атқарған Нұрлан Қылышбаевтың «далада қалмайтынына» сенеміз!

Тегтер: