12:12, 19 Қыркүйек 2022
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: зардап шеккендер саны өсті
Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан зардап шеккендер саны 81 адамға жетті, деп хабарлайды golosameriki.com.
Жексенбі күні Қырғызстан тарабы қақтығыс аумағынан 137 000 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 46 адам қайтыс болғанын мәлімдеген.
Ел үкіметі 19 қыркүйекті қаралы күн ретінде белгілеген.
Қырғыз БАҚ-тары жексенбі күні қауіпсіз жерге көшірілгендер ақырындап үйлеріне қайта бастағанын хабарлауда.
Тәжікстан болса, кеше 35 адам қайтыс болғанын айтып, мәлімдеме жасаған. Десе де, олар қақтығыс аймағынан халықты жаппай қауіпсіз жерге көшіру жүріп жатқаны туралы еш ақпарат берген жоқ.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанда Ұлттық аза тұту күні жарияланды