Қырғызстан президентінің үстіне елдегі коронавирус жағдайына байланысты арыз түсті

Қырғызстан президенті Сооранбая Жээнбековтің атынаелдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жауапкершілікке тарту туралы арызтүсті, — деп хабарлайды Kaktus.media.
Республиканың Бас прокуратурасының мәліметінше, 13 шілдеде Раушан Айтқұловаесімді азаматшадан Жээнбеков пен басқа да жоғары шенді шенеуніктерді елдегіэпидемиологиялық жағдайға байланысты арыз түскен.
«Арыз прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелді», — делінгенведомство хабарламасында.
Бұған дейін Раушан Айтқұлова әлеуметтік желіде ел президентінжауапкершілікке тарту керегін айтып, импичментке қол жинай бастаған. Оныңайтуынша, петицияға 2,5 азамат қол қойған. Президент әкімшілігі әзіргеАйтқұлованың арызына пікір білдірмеді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда коронавирусжұқтырған 11,5 мың адам анықталған. Оның ішінде 4995 адам аурудан аығып, жалпы149 адам қайтыс болған.