Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:41, 31 Наурыз 2020

Қырғызстанда екі сәбиге коронавирус жұққан

None
None

Қырғызстанда коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб коронавирус жұққан науқастардың жасы туралы айтты.

Штаб өкілдерінің айтуынша, науқастар арасында 15 жасқа дейін 9 бала бар, екеуі бір жасқа да толмаған. Төрт науқас — 16-19 жас аралығында, 29 пациент — 20-35 жас аралығында. 36-55 жас аралығында 23 науқас бар. 29 адамның жасы 55 жастан үлкен.

30 наурыз күнгі дерек бойынша, Қырғызстанда коронавирус жұққан 94 науқас бар. Үш адам айыққан. COVID-19 таралуына байланысты үш қала және ауданда 25 наурызда төтенше жағдай енгізіліп, тұрғындардың күндіз далада жүруіне шектеу қойылды. Түнде жүруге толық тыйым салынды.

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер: