Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:10, 19 Қыркүйек 2022

Қырғызстанда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

None
None

Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 азамат қаза тапқан.

17 қыркүйек Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Тәжікстанмен арадағы шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде болған қарулы қақтығыстың кісі өліміне әкеліп соғуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров осы сипаттағы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды  24.kg басылымы. 

Ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары төменге түсіріледі; мәдени ошақтар мен теле-радиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын ұйымдастырып, таратуға тыйым салынады.

Тегтер: