Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:00, 20 Желтоқсан 2021

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа тағылған айыптар алып тасталды

None
None

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Мәскеуге ұшып кетті. Бұл туралы бұрынғы президенттің әріптесі Бекболот Талғарбеков айтты, — деп хабарлайды 24.kg сайты.

Оның айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысына тағылған барлық айып алып тасталған — Ақаевқа қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Тергеуде оның да, оның жақындарының да «Кұмтөр» жобасынан ақша алмағаны анықталды.

«Асқар Ақаевтың Centerra Gold Inc.-те бірде-бір акциясы жоқ. 2003 жылы Үкімет Centerra құру туралы шешім қабылдады. Келісімді құрамына „Қырғызалтын“ кірген мемлекеттік комиссия, оның ішінде Үкімет пен парламент өкілдері, соның ішінде Ақылбек Жапаров та дайындады. Үкімет тек келісімді мақұлдады. Оған дейін бұл келісімді Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының сарапшылары қарастырды. Олар оң қорытынды берді», — деді Бекболот Талғарбеков.

Тегтер: