Қысқа Олимпиада ойындарының болашағына қауіп төніп тұр

Қар мен мұздықтардың еруі мен осы спорт саласына бөлінетін инвестицияның аздығынан, жер шарындағы климат өзгерісінен қысқы Олимпиада ойындарына қауіп төніп тұр.
Бұл туралы euronews басылымы жазды.
2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына арналған аса қымбат тұратын бобслей жолын салуға құрылыс компанияларының өтініш беруі 31 шілде күні аяқталды. Бір қызығы, олар келіп-кетіп қалған.
Бірде-бір құрылыс компаниясы қатыспаған.
бүкіл олимпиадалық құрылымды өңдеуге жауапты итальяндық SIMICO компаниясының хабарландыруы бәрін таңқалдырып отыр. Ол енді жұмысқа орналасуға қабілетті компаниялар үшін нарыққа қарауға мәжбүр болатынын айтқан.
«Жаңа бобслей жолын ешкімнің салғысы келмейтіні таңқаларлық жағдай емес еді», — деді лондондық Лафборо университетіне қарасты кәсіптік спорт институтының экологы Мадлен Орр. Оның айтуынша, 2026 жылы өтетін қысқа Олимпиада ойындарына таңдалып алынған Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында жобаны жүзеге асыру үлкен дау тудырған.
«Мен Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылардың климаттағы құбылыстың осы жағдайға әсер ететініне алаңдағанын білемін», — деп қосты ол.
Соңғы 2 жыл ішінде таңдалып алынған қалалардағы жергілікті тұрғындар БАҚ арқылы бірнеше рет мұның өте қымбат тұратынын, экология тұрақсыз кезде қажет емес екенін айтып сыни мәселе көтерген. Олар бұл аса қымбатқа салынатын құрылыстардың жарыстан кейін ештеңеге жарамай қалатынын да жеткізген.
Қысқы Олимпиада ойындарына климаттың әсері қандай?
Қысқа ғана емес, жазы Олимпиада ойындары да климаттың өзгеруіне байланысты түрлі проблемамен бетпе-бет келетін болады, деп атап өткен Орр Euronews-ке берген сұхбатында. Оның айтуынша, жаңа өзгеріс әкеліп, қалыпты деп бағалануы керек ауа райы кей аймақта нормадан асып кетіп жатыр.
«Бұрын аязды қыс пен шіліңгір ыстықтағы жазды болжайтын едік. Қазір көріп отырғанымыздай, қыста жылы температура, жазда аптап, құрғақ ыстық болып жатыр. Мұндай ауа райымен бәсекеге түсудің өзі қауіпті екенін көріп отырмыз», — дейді Орр.
Эдинбург университетінің спорт менеджменті және сандық маркетинг оқытушысы Уокер Росс euronews-ке берген пікірінде былай дейді:
«Климат зерттеушілердің әлемдік жылынуға қатысты берген бағасына қарайтын болсақ, бұған дейін қысқы Олимпиада ойындарын өткізген елдер болашақта қайтадан сол бәсекені ұйымдастыруға қауқарсыз».
Оның айтуынша, аталған елдер қысқы Олимпиада ұйымдастыра алуы мүмкін, бірақ тек жасанды қармен ғана.