Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:39, 26 Желтоқсан 2022

Қытай коронавирус туралы күнделікті ақпаратты жариялауды тоқтатты

None
None

Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті COVID-19 індеті туралы күнделікті ақпаратты жариялауды тоқтатты, деп хабарлайды Жас Алаш Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, жексенбіден бастап Қытай Халық Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы коронавирус ауруы туралы күнделікті ақпаратты жарияламайды. Енді тиісті ақпаратты Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы анықтама және зерттеу үшін шығарады. Бұл туралы комитеттің сайтында жарияланған хабарламада айтылған, бірақ комитет ақпаратты қаншалықты жиілікпен жария ететіні белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қытайдың денсаулық сақтау жүйесі коронавируспен ауыратын науқастардың ағынын жеңе алмай жатыр. Ауруханалар толы, ал провинцияларда дәрігерлер науқастарға көлікте дәрі тамызуға мәжбүр.

Тегтер: