Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:43, 29 Шілде 2020

Қытайда коронавирустың жаңа түрімен күрес күшейтілді

Мұнда COVID-19-дың басқа түрін бір тәулікте 68 адам жұқтырған. Олардыңтөртеуі – шетелден келгендер, ал 64-і – жергілікті тұрғындар.

Қауіпті дертпен 57 адам Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, ал алты науқасЛяонин провинциясында, тағы біреуі Бейжің қаласында тіркелген, депхабарлады КТК.

Жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондағантұрғыны COVID-19-ға тест тапсырып жатыр. Алайда қауіпті кесел соның өзінде бесаймаққа тарап үлгерген.

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар 16 миллионнан асып кетті. Оның 10миллионға жуығы жазылып шықты, ал 654 мың адам қайтыс болған.

Тегтер: