Қытайдағы қазақ қорғансыздың күйін кешуде

Соңғы жылдары Қытайдағыэтникалық қазақтардың мәселесі ушығып тұр. Қытай қазақ мектептерін жауып,жаппай қытайландыру саясатын жүргізіп, этникалық және діни азшылықтарды үйрету лагерьлерінашқалы арғы беттегі қазақтың күйі мәз емес.
Осы мәселелерге орай, жазушы Қабдеш Жұмаділовпен Қытайдағы қазақтыңбүгіні мен ертеңі жайында сұхбаттасуды жөн көрдік.
Күні кеше Зайсанда Қастер мен Мұрагердің соты өтті.Жігіттерді Қытайға бермегенмен, кінәлі деп тауып, айыптау үкімі шықты. СайрагүлСауытбайды өзімізден пана бермей, шетел асырдық. Аз ұлттарға қатысты көршіелдегі жағдай ушығып тұрған шақта мұндай жағдайлар (қазақтардың пана іздеп қашыпкелуі) әлі де қайталанары анық. Осындай кезде біз не істеуіміз керек? Панаіздеген қазаққа қатысты сотымыздың үкімі, мемлекетіміздің шешімі қандай болуытиіс?
Қазақтың үштен біріҚытай, Ресей, Өзбекстан және Моңғолия сияқты елдерде жүр. Біреудің босағасындаотырған халық қорлық, зорлық, жәбір көруі мүмкін. Сол кезде олар қайда барыппана іздейді? Жер бетіндегі жалғыз Отаны – Қазақстанды паналайды. Біреуі түрмеден,біреуі лагерьден қашып, басына қатер төнгенде шекарадан өтуі мүмкін. Ал біздіңбилік не істеп отыр? Шекарадан аттар-аттамастан олардың үстінен қылмыстық іс қозғайды.Осы жерде басын ашып алу керек. Олар қылмыскер ме, жоқ әлде жәрдем сұраған босқынба? Осыған деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Олардың еріккеннен ел аспағаныбелгілі. Әрине, шекара бұзғанның жауапкершілігі бар. Сол заңға сәйкес жазаласа,менің оған қарсылығым жоқ. Оны кері қайтару, қылмыстық іс қозғау, менің ойымша,артық нәрсе.
Бұл Қазақстан сияқтыөзін егеменді елміз деп отырған халыққа ұят дүние. Ұят нәрсенің біреуін былтыржасадық. Сайрагүл деген қарындасымыз күйеуі мен екі баласы осында болған соң,шекарадан бері қарай өтті. Соның мәселесін Жаркент аудандық соты бір жыл қарады.Сайрагүлдің бұл жерде қандай қылмысы бар? Ол неге өз тарихи Отанына, екі баласымен жарына қосылмауы керек? Біз болсақ оны бір тергеп, қамап, әурелеп, ақырышетел асырып жібердік. Біздің бұл бейшара күйімізді бүкіл Еуропа, Біріккен ҰлттарҰйымы білді. Сайрагүлді біз емес, солар қорғады. Ақыры Қазақстанның кеңдаласынан орын таппай, сонау Швециядан пана тапты. Швеция жаман ел емес, олардыонда өлтірмейді. Бірақ ол өз Отаны – Қазақстанға келді ғой. Олар неге осында қалаалмады?
Қазақстанда кім жоқдейсің? Мыңдаған қытай жүр осында. Олардың қайсысы заңды, қайсысы заңсыз жүргенінбіз білмейміз. Біз кеше осы мәселе бойынша он шақты адам болып президент Тоқаевқахат жаздық. Онда да осы нәрселер айтылды. Қашқын мен босқын бұдан кейін тоқтамайды.Өйткені Қытайдағы жағдай өте қиын. Ол жақта геноцидке таяу қысым жүріп жатыр. Оғаншыдамай, жас қыз-жігіттер бер жаққа қарай өтуі мүмкін. Біз соған дайын болуымызкерек. Қазіргі қылмыстық іс қозғау, соттау сарынымыз мүлде дұрыс емес.
Қытайда 1,5 миллионға жуық қазақ бар. Олардың жағдайы қазірмәз емес. Көрші елдегі жағдай оңалары, оларға деген жылымықтың болмасы күннен-күнгеанық. Осылай кете берсе, арғы беттегі қандастарды жоғалтып алмаймыз ба?
Қытайда біреулер1,5 миллион, енді біреулер 2 миллион дейді, әйтеуір, сол шамада қазақ бар.Осыдан бір-екі жыл бұрын Тибетте бірінші хатшы болған адам Шыңжаңға басшы болыпкелді. Ол бұрын Тибетті жаншыған. Енді соны «Шыңжаңды ауыздықта» деп жіберіпотыр. Бұл бір кездері Сталиннің Голощекинді Қазақстанға жібергені сияқты. Ол дажанышта, ауыздықта, көндір, көнбесе басын жұлып ал деген саясатпен келген.Мынау да дәл сондай. Бүкіл қазақ мектептерін жапты. Дарынды балаларды 4-5класта ішкі Қытайға алып кетуде. Бұл жердегі мақсат – оларды қытайша оқытып,білім беріп, қытай етіп шығару.
Біз Қытайды дос елдеп отырмыз. Олар бізді олай санамайды. Қазақстанға келіп, қайтқан адамдарды ұстапалып, тергеуде. Мен әу баста осы мәселені көтергенмін. «Шекаралық дауымыз жоқ»деп қол қойдық баяғыда. Біз жер қазақтыкібола тұра, одан бас тарттық. Сонда «жер сенікі, халық біздікі деген пункт негеенгізбедік» деп мақала жазғанмын. Қазақ халқы аз, сендер сияқты миллиард емес.Бізді түсініңдер, жерді алсаңдар алыңдар, бірақ халықтың билігі бізде болады.Шамамыз келгенде көшіріп аламыз десе, қытайлар ол кезде көнер еді. Қытайға олхалықтың керегі жоқ еді. Қазір жағдай қиын. Лагерь мен түрмелердің атын өзгертіп,басқаша қойыпты. Түрме, басқа демейді, саяси үйрену топтары деп өздерінше өзгертіпті.Қорғанның ішінде болғаннан кейін ол түрме ғой бәрібір. Біреулер айтады, біз Қытайғақарсы ештеңе айта алмаймыз деп. Өйткені қарыз екенбіз. Жалаңаш қалсақ та, қарызынөтеу керек. Тек оларға кіріптар болмайық. Президент Тоқаев осы саясатты ұстануыкерек. Кеше жазылған хатта да соны айттық.
Біз Назарбаевтың бұрынғысаясатына разы емеспіз. Осының барлығын босатып жіберген, қарыздың бәрін алғанадам – Назарбаев. Назарбаев оны өз қалтасынан төлесін. Қытайдағы қарыздан біздіқұтқарсын. Сол үшін кіріптар болып, адамдарымызды азапқа салып қоя алмаймыз. Өзініңдиаспорасын қорғай алмаған мемлекет – мемлекет емес. Бұдан кейін осылай қарауымызкерек.
Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Неміс толқыны»басылымына берген сұхбатында «Қытайдағы этникалық қазақтардың қысым көріп жатқаныжөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды» деп мәлімдеді. Бұл мәселеге көз жұма қараума, жоқ әлде өз ұлтыңды өзің сыртқа тебу ме?
Президенттер кейдемұндай сөздерді бір саясат үшін айтып қалуы мүмкін. Бірақ бұл жетпей айтылған сөз.Онысы дұрыс емес. Тоқаевтың шындыққа көзі жетеді деп ойлаймын. Егер халықшынайы дауыс беріп сайлаған президент екені рас болса, ол қазақ ұлтына қамқорболуы керек. Ол бұрынғы президенттің тұсында кеткен қателіктерді түзетуі қажет.Рас, бұрынғы мемлекет басшысының тұсында бізде көп қателіктер мен олқылықтарболды. Әсіресе біз шеттегі қазақтарға қамқор бола алмадық. Қытайда екі баладанартық тумасын деп, қазаққа да үкім етті. Үшінші баланы қуып жүріп түсіктастатты. Қуып жүріп әйелдердің ішінен жарып алды. Талай әйел құрбан болды.Осындай жағдайларда да біз бір ауыз сөз айта алған жоқпыз. Ал олар сол кездебізден қорған болуымызды күтті. Менің хабарым бар, туыстарым келіп жатыр. «Қазақстанбізге ара түсетін шығар, бізге араша болады» деп қатты үміттенген екен. Сол үміттеріақталмады.
Соңғы уақыттары әлемдік БАҚ пен халықаралық қауымдастық Қытайдағыаз ұлттар мәселесінде бірінші кезекте ұйғыр ұлтының жағдайын талқылайды. Бұлбіздің осы уақытқа дейін Қытайдағы қазақ мәселесін дұрыс көтере алмауымыздыңбелгісі ме?
Ұйғырдың шеттеадамдары бар. Америкада, Біріккен Ұлттар Ұйымының маңайында ұйғырлар жүр. Олар қолындағыазын-аулақ қаржысын соларға беріп, өздерінің сұраушысы, жоқтаушысы қылып қойған.Қытайда болып жатқан заңсыздықты, зорлықты ауық-ауық шетелдің халықаралық адам құқықтарыұйымына жеткізіп отырады. Сол үшін олар қазақтың жағдайы жақсы, жәбір көріп жатқантек қана ұйғырлар деп ойлауы мүмкін. Өйткені қазақты жоқтап жатқан ешкім жоқ. Қазақжоқтаусыз қалып отыр. Шетелдегі адамдар бізді білмейді. Былтыр Швецияға кеткенСайрагүлге қарап, еуропалықтар «мыналардың заңы қалай» деп ойлаған шығар.Швеция – демократияның орталығы, ол Нобель сыйлығын беретін жер. Біз сол ШвецияданНобель сыйлығын аламыз деп дәметіп жүрдік. Назарбаевты жеті рет ұсынды. Солардыңалдына Сайрагүл барып отыр енді...
Мазмұндысұхбатыңызға рақмет!
Фото: Жас Алаш.