Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:40, 09 Тамыз 2023

Қытайдан 300 мың жыл бұрын өмір сүрген адамға ұқсас тіршілік иесі табылды

None
None

Шығыс Қытай аумағында ежелгі адамның қалдықтары табылды. Сиань Цзяотонг университеті мен Йорк университетінің ғалымдары бірқатар зерттеулерден кейін сүйектер адамдардың бұрын белгісіз эволюциялық өкілі болуы мүмкін деген болжам жасады.

 

Journal of Human Evolution басылымында жарияланған зерттеуде ғалымдар 300 000 жыл бұрынғы тасқа айналған жақ сүйегіне, бас сүйегінің фрагментіне және аяқ сүйектерінің сынықтарына талдау жасады. Сарапшылар жақ сүйегінің қазіргі адамдардың да, олардың ежелгі ата-бабаларының да – кеш плейстоцен гоминидтерінің ерекшеліктерін еске түсіретін белгілері бар деген қорытындыға келді.

Бас сүйектің иегі болмаған, бұл оның ежелгі түрлермен тығыз байланысын көрсетеді. Бәрінен де индивид Homo erectus түріне ұқсайды.

Қалдықтардың түрін анықтауға тырысқан команда оның Денисовалықтарға тиесілілігін жоққа шығарды. Денисова немесе Хомо эректус емес, бірақ Хомо сапиенске жақын. Бұл оның қазіргі адам мен ежелгі гоминидтің гибриді болуы мүмкін дегенді білдіреді.

Тегтер: