Қытаймен соғысқан Тезек қаған

Қытай қысымына төтеп бере алмай, тоз-тозболып ыдыраған Қағания деп аталған ғұн империясы батысқа жылжырдың алдындаоларды Тезек тәңірқұт атты айбарлы тұлға биледі.
Өкінішке қарай, соңғы жылдарғадейін ол тіптен қазақ тілінде шыққан кейбір зерттеулерде де көне қытай тілінің мақамымен Чжичжи-шаньюй деп дөрекі бұрмаланыпкеледі. Мұндағы алғашқы адам атының қандай мағына беретінін ешкім түсіндіреалған жоқ. Ал енді «шаньюйді» қағандеген мағынада түсіндіріп жүргендер бұл түркі сөзі емес екенін мойындайтынболар. Бұл баяғы түрік тілінен еш хабары жоқ, орыс, қытай тілдерін ғанамеңгерген Н.Я.Бичуриннің және өзі қытай тілін де, бірде-бір түркіхалықтарының тілін білмейтін, сондықтанда деректерді аталған кісіден көшіріп пайдаланатын Л.Гумилевтің бұрмалаулары (қараңыз:Бичурин Н.Я. (Иакинф) Тун-цзян Гань-му за 36 г. Л.Н.Гумилев. Таласская битва 36 г. до н.э.//Исследованияпо истории культуры народов Востока. Сборник в честь академика И.А.Орбели.-М.-Л., 1960.) болып табылады.
Қытайдағы Шыңжаңқоғамдық ғылым академиясындағы қытай тіліне жетік қазақ зерттеушілері көнеқытай жылнамасын қазақ тіліне сәйкестендіріп аударған соң ғана «көзімізашылып», түркітілдес ғұндар көсемінің атын қытайша бұрмаламай, өзтілімізде дұрыстап айтатын болдық. Алайдакейбір қазақ зерттеушілері қытай жылнамаларының төте аудармасы қолымыздатұрғанына қарамастан, әлі де тілді қытайша бұрап, адам аттарын гумилевшалап түсініксізтілде берумен келеді. Сонымен, Тезек елбилеп отырған қытайшыл болғандықтан, ел арасында беделі төмендеген өзініңбауыры, ғұн Қағания тәңірқұтынан (Л.Гумилевта бұрмаланып, Хуанье-шаньюделінген) күш-қуат кеткенін байқап, қосарлана өзін тәңірқұт деп жариялады. Бұл –б.з.б. 49-жылы болған оқиға. Сөйтіп, ғұндарда қапталдасқан екі билеуші пайдаболды. Бұл азамат соғысы деген сөз еді. Бауырымен қосарлана таққа отырған Тезектәңірқұт бірден қытайға қарсы күреске ғұндарды ғана емес, батыстағы елдерді де,әсіресе қаңлыларды жұмылдырды. Қаңлылар бұл тұста Талас өзенінен батысқа қарай Қаратау бойынжағалап орналасқан еді. Айта кетеріміз, кейінгі қазақ қаңлылары да осы маңнанауытқи қойған жоқ.
Ғұндар менқаңлылардың өзара жақындығын жақсы түсінген қытай билеушілері қаңлыны ғұндарға қарсы қойып, олардыөздерінің ықпалына қарату үшін олардың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын да аңдыпотырды. Мысалы, оларда ғұндардың ішкі ыдырауынан туындаған айтыс-тартыстың қаңлыларғаықпалы туралы көне деректерде айтарлықтай айтылады. Осыған байланысты Қытайжылнамаларынан мынадай жолдарды оқимыз: «Ілгеріде Шюанди (қытай билеушісінайтып отыр – Т.О.) тұсында ғұндардың ішкі араздығының салдарынан бүлік туып,бес тәңірқұт билікке таласып еді. Қағания тәңірқұт пен Тезек тәңірқұт ұлдарынсарайға ақ үйлі аманатқа жіберді, Хән сарайы екеуін де қабылдады. КейінірекҚағания тәңірқұт өзі бағыныштылық білдіре сарайға келіп, патшаға қол тапсырды.Ал Тезек тәңірқұт Қағания елінен қуат кеткендіктен, Хән әулетіне тізе бүкті,енді сол кеткеннен қайта оралмайды деп ойлайды да, батысқа қарай баса-көктеп,оның бірсыпыра жерін өзіне қаратып алды. Хән әулеті Қағания тәңірқұтты қасынаәскер қосып, еліне аттандырар кезде Тезек тәңірқұт батысқа жорық жасап, Хагат,Генгүн, Деңлеңдерді талқандап, бұл үш елді біріктіріп, ордасын сонда тікті.
Тезек тәңірқұтХән әулетінің Қағания тәңірқұтты қанатының астына алып, өзіне көмектеспейқойғанын кек тұтып, Хән елшісі Жаң Нәйші бастаған адамдарды қыспаққа алып, қорлық-зорлықкөрсетті. Чуюанның 4-жылы (б.з.б. 45 ж.) Тезек тәңірқұт Хән әулетіне елшідентарту тартып, ақ үйлі аманаттағы ұлын қайтарып берсе, елдесуге көнетінінбілдірді. Хән сарайы ақылдаса келіп, Тезек тәңірқұттың Хән сарайындағы ұлынқорғаушы сыпа Гу Жи апарып салсын деген бекімге келді. Ол тәңірқұт ордасынабарған соң, Тезек тәңірқұт долданып, Гу Жи бастаған адамдарды айтқанындай-ақжайратып салды. Өзінің Хән әулетіне опасыздық жасағанын сезінген, оның үстінеҚағания тәңірқұттың онан әрмен күшейіп алғанын естіген Тезек тәңірқұт ендібатыстағы Қаңлы еліне қарай тартты. Қаңлы ханы Тезек тәңірқұтқа қызын берді.Қаңлы ханына Тезек тәңірқұт та қыз берді. Оның айбарымен маңындағы елдерге дөңайбаткөрсеткісі келген Қаңлы ханы Тезекті төбесіне көтере құрметтеді.
Тезек тәңірқұтқаңлы қолымен үйсінге талай мәрте шапқыншылық жасап, Чекүк қаласына дейін атізін салды. Тұрғын елді қырып-жойып, талан-таражға салып, малдарын айдап кетті.Үйсіндер өкшелей қууға бата алмады. Өйткені батыс жақ иен, шет-шегі мың лигетаяу созылып жатқан иен далада мекен тұтқан жан баласы жоқ еді. Тезек тәңірқұтөзін атағы шартарапты шарпыған үлкен ұлыс есептеді, басқа елдердің құрметінебөленгенін, жеңістерге жеткенін көтере алмай асқақтап кетті. Қаңлы ханынажол-жосын бойынша мәміле жасағанды қойып, ашу үстінде оның қызы мен тектідегдарларын өлтірді, тіпті бірнеше жүз бейуаз бұқараны қырып салды.Кейбіреулерінің қол-аяғын бұтарлап шауып, Талас өзеніне тастатты. Бұқараны қалақорғанын салуға айдап салды. Күніне 500 адам қатысатын бұл машақатты жұмыс екіжылда әрең аяқталды. Аорс, Дад-уан және т.б. елдерге жыл сайын ұдайылық көпшіртапсырып тұрасыңдар деп елші арқылы қысым жасады. Бұл елдер оның айтқанынамалсыз орындап тұрды.
Хән әулетіҚаңлыға үш дүркін елші жіберіп, Гу Жи бастаған адамдардың мәйітін қайтарыпберуді талап еткенде, Тезек тәңірқұт жарлыққа бағынғанды қойып, хән елшілерінеқорлық көрсетіп, қысым жасады. Ол – ол ма, басқақ арқылы патшаға жолдағанхатында: «Мен, Тезек тәңірқұт, қазір күн көре алмайтын қайыршы халге түстім.Құдіретті Хән еліне қол артып, оның айтқанына көніп, айдағанына жүрейін дегенниетім бар. Ұлымды сарайға ақ үйлі аманатқа жібермекпін», – деп сайқымазақетті. Оның өркөкіректігі, міне, осындай дәрежеге жетіп еді» (Қытайжылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з.б. 177-б.з. 222 жылдары)1-кітап. 95-96 бб.). Мұны жазып отырған қытай жылнамашысы болғандықтан,айтылғандардан Тезекті жау санап, барынша қаралауға күш салуды аңғарған жөн.Алайда осындай біржақты жек көру пиғылына толы болғанына қарамастан, мұндаТезек қағанның батысқа жорығы қалай болғаны дұрыс сипатталған. Тезек өзініңбилік тұғырын күшейту үшін алғаш қытай билігімен дипломатиялық келісімдержүргізді. Тіптен аманатқа ұлын да берді. Алайда Қытай оны емес, бақталасыҚағания қағанды қолдаған соң, ол оған қарсы ашық жаулық саясат ұстанды.
Батысқа барғанТезек тәңірқұттың Талас өзенінің бойын мекендеп, онда қазіргі Тараз қаласыорналасқан аймақта өзінің астанасын тұрғызғаны белгілі. Соқпа топырақ пенағаштан тұрғызылған қамалмен қоршалғанына қарамастан, бұл қала Тезек тәңірқұтқаласы деп те аталған (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з.б.177-б.з. 222 жылдары). 1-кітап. 267-б.). Бұл өзі шын мәнінде кейіннен Таразаталған қаланың алғашқы іргесінің қалануы еді. Яғни бізге, қазіргі қазақтарға,Тараз қаласының негізін қалаған ғұндар көсемі Тезек екенін мойындайтын уақытболды. Егер мұны мақұлдасақ, Тараздың алғашқы іргесі біздің заманымызданбұрынғы 45-жылы қаланған болып шығады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, осы тұстаҚаңлы мемлекетінің шығыстағы шекарасы Талас өзені бойынан басталған еді. Аленді шығысқа қарай бұрын сақтар мекендеп, кейіннен оларды үйсіндер бағындырғанаймақ, яғни үйсіндердің жері басталатын. Сонымен бірге жоғарыдағы деректеайтылатын Қаңлы ханының Тезекті қастерлеп, оған қызын беріп, құдандалы-жекжатболуы қаңлының қытайдың жаулау саясатына қарсы ғұндардың қалдығымен бірігіпкүресу жолындағы қадамы және көрші орналасқан басқа да жау мемлекеттергекөрсеткен қыры ретінде қаралуы тиіс деп ойлаймыз.
Әрине, Тезектәңірқұтты жоймай, қаңлыға да, үйсінге де ықпал жасай алмайтынын қытайбилеушілері жақсы түсінді. Сол себепті қытайлықтар өздерінің өкілдерін жәнеелшілерін батысқа аттандырудан бас тарта қойған жоқ. Мұндағы мақсат Тезектәңірқұтты биліктен ығыстырудың жолын іздестіру еді. Осыған байланысты қытайжылнамаларында мынадай жолдар бар: «Жянжаудың 3-жылы (б.з.б. 36) Чын Таң ГәнЯншоумен бірге батыс өңірге барды. Чын Таң орнықты, ержүрек, ұзаққа көзжібергіш, айласы мол, ерлік көрсетуге құмар жан еді. Жолшыбай қамалдардан,өзендер мен таулардан өткенде биікке шығып, алысқа көз жіберу әдеті бар еді. Олшетелге елшілікке шығу міндетін алған соң, Гән Яншоуға ақыл салып: «Рей-тиектераталы нәсілдерден жасқанғыш келеді, бұл олардың сүйегіне біткен табиғаты. Батысөңір тегінде ғұндардыкі еді, қазір Тезек тәңірқұттың айбыны асып, үйсін менДад-уанға шабуылдады, қаңлыға кеңес салып, оны өзіне бағындырмақшы. Егер осыекі елді қолына қондырса, солтүстікте Ілеге шабуыл жасайды, батыста Парфияныбасып алады, оңтүстікте Нүкіс пен Александрияны жояды. Бірнеше жылдың ішіндеқала-мемлекеттердің бәрі де қатерге ұшырайды. Оның үстіне Тезек тәңірқұтәпербақан, соғысқұмар, талай рет жеңіске жеткен адам. Оны осы бойынша есіртеберсек, түбінде батыс өңірге пәле болып жабысары хақ. Тезек тәңірқұт асашалғайда жатқанымен, айналып келгенде, берік қала қорғаны, пәрменді қару-жарағыжоқ жабайы қауым ғана...» Иә, Қытай Тезек қағанның қолбасылық дарыны менқабілетінен, шынында да, қатты қауіптенді. Сондықтан да оған қарсы қалың қол (қосын)шығарды.
Қытайқолбасылары Чын Таң мен Яншоу қосынды бірнеше бағытқа бөліп, сол күні-ақжорыққа аттанды. Олар алты лекке бөлінді. Мұның үш легі оңтүстік жолменКөгарттан (Памир тауы – Т.О.) асып, тұп-тура Дад-уанға қарай шеру тартты.Қалған үш легін басқақтың өзі бастап Уынсұғтан (қазіргі Шыңжаңдағы Үштұрпан)шығып, солтүстікті бетке ала Чекүкке жетті де, Үйсін елін басып өтіп, Қаңлышекарасына кіріп, Дянчының (Ыстықкөлдің) батысындағы өңірлерге барды. Бұл кездеҚаңлының кіші ханы Бүден (Бүтін) бірнеше мың қолмен Чекүк қаласының шығысжағынан тиісіп, ұлы күнбидің мыңнан аса адамын талауға салып, қырып-жойып,қыруар малын айдап әкеткен еді. Жалпы, Қаңлы мен Үйсін мемлекеті туыстас елболғандарына қарамастан, олардың билеушілері жерге, малға қызығып, өзарабақталастықпен бірін-бірі шауып отыратын еді. Бүден (Бүтін) хан енді үйсінменемес, қытаймен соғысуға мәжбүрленіп және алғаш басымдыққа ие болды. Ол Хәнқосындарының соңына түсіп, қуа соғысты. Қосынның арт жағында келе жатқан қыруарсоғыс жасақтарын түгел тонады. Қолбасы Чын Таң оларға қарсы жорыққа үйсіндердіңжасақтарын жіберіп, 460 адамын өлтірді және бұрын олардың қолына түсіп кеткен470 адамды арашалап алып, Үйсіннің ұлы Күнбидің қолына табыс етті. Олжағатүскен жылқы, сиыр, қой түліктерін шеріктердің (сарбаздардың) азық-түлігіне алыпқалды. Бүденнің ақсүйек билеушілерінің бірі Енадүкті тұтқындады.
Қаңлының шығысжақ жер шегіне ілінгеннен кейін, Чын Таң қосындарына елді талан-таражға салмаутуралы жарлық түсірді. Ондағы мақсат қаңлыларды ғұндардан бөліп алып, Қытайғақарату еді. Осындай оймен Қытай қолбасшысы қаңлының әскербасы Дамікті құпияшақырып алып, оған Хән әулетінің айбары мен сенімін аңғартты да, арнайы дастарханүстінде онымен бірге болу туралы астыртын одақ жасасып, қайтарып жіберді.Осыдан соң алған бетімен ілгерілей түскен қытай әскері Тәңірқұт қаласына (Тезекқаласы айтылып отыр) шамамен 60 ли қалғанда тоқтап, қаланы қалай алудыойластырды. Осындайда олар қаңлы билеушілерінің бірінің ұлын қолға түсіріп,оған жол бастатты. Бұл жоғарыда айтылған қытаймен келісімге барған Даміктіңнағашы ағасы еді, Тезек тәңірқұтқа бұлардың екеуі де өлердей өш болатын.Сонымен, Чын Таң олардан Тезектің жай-жапсарын сұрап, қаладағы әскердің барқұпиясын біліп, ұғып алды.
Келесі күнітаң ағара қосынын бастап тағы аттанған Чын Таң Тәңірқұт қаласына 30 ли қалғандашеруді тоқтатып, қос тіктірді. Мұндайды күтпеген Тезек тәңірқұт Хән қосындарыныңне себепті келгендерін білмекке кісі салды. Чын Таң оған төмендегідей жауапберді: «Тәңірқұт күн көре алмайтын қайыршы күйге түскенін, ұлы Хән әулетіменелдесуге әрі оның айтқанына көніп, айдағанына жүруге разы екенін, патшаменбетпе-бет жүздескісі келетінін айтып, патшамызға хат жазған екен. Тәңірқұттыңұлы елден шеттеп, бұтаға қорғалаған торғайдай қаңлыға пана іздеп барғанына жаныашып, тәңірқұт пен ханымын бастап келіңдер деп, басқақ, санғұндарын жіберіпеді, адамдарымыз тақсырды үркітіп қоя ма деп, қала түбіне де жақындамай тұрмыз».Тезектің елшілері мәселенің байыбына бара алмай, екі ортада ары-бері хабартасып сабылысты. Осыған шамырқанған қытай қолбасылары оларға: «Біз алыстан атарытып тәңірқұт үшін келіп тұрмыз. Хән елінің санғұнына бұйрықты қабылдап,жұмыс бітіретін мәртебелі бекзаттың, белбарас төренің бірде-бірі әлі келіптілдескен жоқ. Тәңірқұт ел игілігін не үшін ұмытады? Қонақ пен үй иесі арасындаболатын жоралғыны да ұмытқаны ма? Қосын алыстан келді, ат арыды, тон тозды,ішіп-жем де тапшылана бастады, енді қайтып кетуінің өзі екіталай. Тәңірқұтпентізе басар төрелерінің ақыл қоса отырып, бір байламға келуін үміт етеміз», –деді.
Ертеңінде олартағы ілгерілеп, Тезек қаласының іргесіндегі Талас өзенінің бойына жетіп, қалағаүш ли қалғанда тоқтап, қос тігіп, шеп құрды. Алыстан қарағанда Тәңірқұтқаласының әлем-жәлем тулары желбір-желбір етеді. Бұл шын мәнінде қамалдыңқоршауда қалуы еді. Түнде қорғаннан сыртқа лап қойған бірнеше жүз сарбаздысыртта тұрған Хән қосындары садақпен қырып салды.
Хән қосындарыкеліп қалды дегенді алғаш естігенде тәңірқұт қашып кетуге ыңғайлана бастап еді,бірақ өзіне өшігіп жүрген қаңлылар Хән шерігімен ымыраласып алып, қарсы шығардеп күдіктенді. Оның үстіне Үйсін және тағы басқа елдердің бәрі жорыққа шықтыдеген хабарды естіп, барар жер, басар тауының қалмағанына әбден көзі жетті.Сондықтан қорғаннан шығуын шығып алса да, айнып қайта қайтты. Тезек қағанныңқытайлықтармен соғысының соңғы сәті «Қамалды сақтағаннан абзалы жоқ. Алыстанкелген Хән қосындары табан тіреп, ұзақ тіресе алмайды» деп түйген ол сауытынкиіп, қорған мұнарасына шықты. Тәңірқұттың ондаған әтшесі (қатұны) де қорғансыртындағыларға садақты қарша боратты. Қорған сыртынан тартылған садақтың оғытәңірқұттың мұрнына тиді, әтшелердің бірсыпырасы оққа ұшты. Мұнарадан түсіп,атына міне сала қаша соғысқан тәңірқұт ішкі ордаға кіріп кетті.
Түн ортасындаағаш қорған тесілді, оның ішіндегі адамдар соқпа қорғанға кірмек болып,мұнараға кіріп айқай-шу көтерді. Осы кезде қаңлының бір түменнен аса қолы оннеше топқа бөлініп, қорғанды жан-жағынан қаумалай қорғап, ғұндармен сәйкесекетті. Қаңлы қолы түн ішінде Хән қосындарының шебіне бірнеше мәрте шабуылғашықса да, сәтті болмай қайта шегінді. Таң әбден ағарған кезде қорғанның төрттарапынан өрт көтерілді. Хән қосындары қатты қуанып, жауды айқай-сүрең салыпқуа жөнелді. Даңғара, барабан дауыстары жер-көкті жаңғырықтырды. Хән шеріктеріөрт қойған соң, қаңлы қолы шегіне берді. Қолдарына қалқан ұстаған Хән шеріктерітұс-тұстан ентелеп соқпа қорғанға лап қойды. Тәңірқұт ер-әйелі бар, жүздейадаммен ордаға тығылды. Хән шеріктері тағы да өрт қойды. Тәңірқұттың сардарсарбаздары ордаға кірмек болып жанталасқа түсті, тәңірқұт өзі ауыр жарақаталып, жан үзді. Долымжы қосжүзер (әскери төменгі дәреже) Ду Шүн оның басынкесіп алды. Хән елшілерінің екі куәлігі және Гу Жилер әкелген торғынға жазылғанхат табылды. Сын Таң тәңірқұттың тонап алған заттарының бәрін иелерінеқайтартты. Тәңірқұттың әтшелер, ханзадалары, күлік хандары және онантөменгілері болып – жиыны 1518 адамның басы кесілді, 145 адам тұтқындалды,1000-нан аса адам тізе бүкті. Олар қала мемлекеттерден келген 15 ханға бөліпберілді» (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з.б. 177-б.з. 222жылдары). 1-кітап. 95-98 бб.).
Осымәліметтерден байқайтынымыз, ғұн, қаңлы, үйсін тәрізді туыстас, түркітілдеселдер өзара ауызбірліктері болмағандықтан, Қытайдан қашанда жеңіліп қалыпотырған. Тіптен Тезек тәңірқұт сияқты бірқатар тайпаларды өзінің қол астынақаратқан белгілі билеушілердің өзі де көрші мемлекеттердің алауыздығынан азапшегіп, Қытай билігін мойындауға мәжбүр болған. Сондықтан да қытай ықпалынатүскендер біртіндеп көбейе берді. Осыған байланысты Қытай жылнамаларындамынадай жолдар бар: «Батыс өңірдің кіндік қағанатпен (қытаймен – Т.О.)қарым-қатынасы ең жиі кезде ұзын саны 50 ел Хән әулетіне бағынышты болып тұрды.Тілмәш, қала бастығы, әмір, бағамдар, әкім, датлұқ, жүзбасы, мыңбасы, басжасауыл, сақа, даңға, сардар, уәзірлерден өрлей бектер мен хандарға дейінгі 376адам Хән әулетінің баулы таңбасын асынды. Жоғарыдағы санға жері шалғай болғанысебепті Қаңлы, Ұлы нүкіс, Парфия, Копен, Александрия және тағы басқа елдеркірген жоқ. Олар тарту-таралғы әкеліп, онан өз қарымжысын әкетіп те отырды.Олармен арадағы қарым-қатынас онан ары тектеліп, жазбаға түскен жоқ» (Қытайжылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з.б. 177-б.з. 222 жылдары).1-кітап. 171-б.). Міне,біз әңгімелеп отырған ежелгі замандағы отырықшы мемлекет Қытайдың күш-қуатыосындай еді. Қазір де көп нәрсе өзгере қоймағандай. Қытай әлі қуатты. Кейіннен,орта ғасырлардағы Түрік және Түргеш қағандары Қытайдың қолдауына ие болу үшінтаққа отырған бетте қытайдан қатын алып, осы мемлекет билеушілерінен қолдаутабуға күш салды. Бұл өзі баяғы Үйсін билеушісі Елсау (Елжау) бидің кезіндебасталған дәстүр еді. Мұсылмандықты қабылдаған Ұлы дала хандары ғана бұләдеттен бас тарта бастады.
Осылайшаежелгі ғұндардың Ұлы далада қалған жұрнақтарын біріктіріп, Қаңлыға сүйеніпкүшті империя құруды көксеген Тезек тәңірқұттың мақсаты орындалмай, оның басыкесілген денесі ежелгі Тараз аймағында қалды. Есіл ер бас бірікпеген елді ортақата жауға қарсы біріктіремін деп, осы жолда құрбан болды. Алайда Қытай Қаңлытәрізді көшпелі мемлекеттерді біржолата мойынсындыра алған жоқ. Олардың Қытайғаелшілер жіберуі, негізінен алғанда, көршілерімен ырың-жырыңның көбейіп, ауызбірліктіңболмауынан туындаған еді. Қаңлылардың Қытай деректерінде айтылғандай, әсіресеүйсіндермен және ғұндармен алтыбақан алауыз, күрделі қарым-қатынасы түптіңтүбінде олардың бәрін өздерінің үстемдіктерін арттыру үшін Қытайдан көмекіздеуге итермеледі. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, Қытайдағы ішкі саясаттың күрделеніпкетуі оның бұл мемлекеттерді үздіксіз қадағалап отыруына мүмкіндік береқоймады.
ТаласОМАРБЕКОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Орталық Азиядағы
дәстүрліөркениеттерді зерттеу орталығының директоры