Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 26 Сәуір 2019

Қызметте жолы болғыш Арын Орсариевтің артында кім тұр?

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын ОРСАРИЕВ 2015 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің ректоры қызметінетағайындалып, екі жыл атқарды.

Енді жоғарғы оқу орнына ректор тағайындаудың да өз тәртібі, өз ережесі барекені анық. Өйткені, басқа-басқа білім ордасына бұл салада жұмыс істемеген,көлденең көк атты біреудің басшылыққа келмеуі тиіс. Сондықтан ректор болу үшінең кемі 5 жылдық ғылым немесе ғылыми-педагогика саласында жұмыс істеген еңбекөтілі болуы керек. Ректордың біліктілік талаптарына қатысты ережеде осылайжазылған.

Ал, енді Арын Орсариевтың ректор болып тағайындалғанға дейін педагогикасаласында бар-жоғы екі жарым жылдай ғана еңбек өтілі болған. Яғни, ректор болыптағайындалуға қажетті еңбек өтілі жетпейді. Аймақтағы жоғарғы оқу орныныңректоры болуға еңбек өтілі жетпей тұрғанда оның ҚР Президенті жанындағыМемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне қалай тағайындалғаны тағытүсініксіз. Сонда білім және ғылым министрлігі қайда қарады? Қызметте жолыболғыш Арын Орсариевтің артында кім тұр? Педагогика саласында ешқандайтәжірибесі жоқ оны қалай үлкен білім ордасына басшы етіп тағайындады?Министрлік бұған не айтады?

Арын Орсариевтің өмірбаянына қарасақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте кележатыр. 2005 жылы Астана қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінетағайындалса, одан кейін де біраз лауазымды қызметтерді бірінен кейін бірінауыстырып, 2009 жылдың 25-тамызында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруакадемиясының ректоры креслосына қонжиды.

Екі жарым жылдан кейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары, үш жылдан кейінС. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметінеқол жеткізді.

2017 жылдан бері Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.

Қалай айтсақ та, Орынсариевтің өмірбаянынан екі жарым жылдай ғанаМемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметін атқарғаннан басқа ешқандайпедагогикаға жақын қызмет көріп отырғанымыз жоқ. Оның өзінде де екі жарым жылғана… Сонда «ең кемі бес жыл еңбек өтілі болуы керек» деген талап қайдақалды?

Фото: sputniknews.kz

Тегтер: