Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:12, 17 Наурыз 2023

Қызметтердің сапасы және қолжетімділік

None
None

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік еліміздің тұ­рақ­ты әлеуметтік-экономикалық дамуын қам­та­масыз ету мақсатында тиімді тәсіл болып тұр.

Мәселен, инф­ра­құры­лымды және халықты әлеуметтік тұр­ғыда қол­дау жүйесін дамыту үшін мем­ле­кеттік серік­тес пен жеке серіктестің ре­сурс­тарын біріктірдік деп қарастырсақ. Бұл ретте мемлекет эко­но­ми­касына инвестицияларды тартуды көз­дейді, сон­дай-ақ мүдделі тараптардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере оты­рып, қыз­мет­тердің қолжетімділігі мен са­па­сын жақ­сар­тады. Сол арқылы Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы жалпы инновациялық белсенділікті арт­тырып, жо­ғары технология мен ғылымды қажет ете­тін өндірістерді дамытуға жәр­дем­де­седі. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерге, яғни жеке се­рік­теске түрлі жолмен қолдау көр­сетеді.

Еліміздің заңнамасында заттай гранттар беру, МЖС жо­баларын бірлесіп қаржыландыру, МЖС жо­басын іске асыру барысында өндірілген тауар­лар мен көрсетілетін қызметтердің кө­лемін ұлғайтып, оны мемлекеттің тұтынуына кепілдік беру жайында жазылған. Сонымен бірге Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның «Жер туралы» заңына сәйкес жер учаскелерін беру, мемлекеттік меншік объек­­тілерін пайдалану құқығын беру, МЖС ны­санын инженерлік және көліктік ком­му­ни­кациямен қамтамасыз ету, МЖС жобасы бойынша инвестициялық және пайдалану шы­­ғындарының өтемақысын беру, МЖС ту­ралы заңға сәйкес мемлекеттік МЖС ны­са­нын басқару үшін сыйлықақы төлеуді қам­­тамасыз етіп отыру қызметтерін іске асыру қарастырылған.Ал кәсіпкерлер өз кезегінде МЖС жобаларын қаржы­ландыру, МЖС нысандарын құру және пай­далану, МЖС жобаларын басқару секілді іс­тер­ге қатысады. Сонымен бірге МЖС шар­ты бойын­ша өндірілген тауарлардың, көр­се­тілетін қызметтердің сапасы мен қол­же­тімділігін қамтамасыз етеді.Осы орайда бір мысал. Соңғы жылдары ел аумағында Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде балабақшалар көптеп салынып жатыр.Соңғы жылдары Мемлекеттік-жеке­мен­­шік серіктестік ісі жақсы нәти­же­лер көрсетуде. Жеке кәсіпкерлер мемлекет гран­тын ала отырып, көптеген жобаны жү­зеге асырды. Соның бірі – мемлекеттік «Ба­лапан» бағдарламасы бойынша жеке­мен­шік балабақшалар ашу. Еліміздің барлық жерін­де балабақшалардың санын көбейту және мүмкіндігінше балабақша тапшылығын азайту жолында бұл бағдарламамен жүзеге асып жатқан істер жемісті болды деп айтуға болады. Бүкіл ел бойынша қала, ауылдарда ба­лабақшалар салуды мемлекеттік кәсіп­орын­дар қысқа мерзімде орындап шыға ал­майды, сондықтан бұл мәселеде грант беру ар­қылы жеке кәсіпкерлерді осы іске жұ­­мыл­дырудың маңызы зор. Бұл жағдайда бірін­шіден, балабақша тапшылығын жою көзделсе, екінші жағынан кәсіпкерлерге көмек беру ар­қылы халықты жұмыспен қамту ісі де жү­зеге асады. Балабақшалар санын көбейту ісі­не көмегін тигізетін жеке кәсіпкерлер ша­ғын коттедждерді балабақшаға айналдыру ар­қылы бағдарламаны тиімді пайдаланып жа­тыр.Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мақсаты – қоғамдық игілік, қызметтердің сапасы және қолжетімділік деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру деуге болады.

МЖС-тің мемлекетке тигізетін пайдасы айқын. МЖС механизмі мемлекетке, кейбір әкімшілік функциялардан өзін алып тастауға және жобаларды іске асыруға арналған бюджет қаражатының құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік рөлі, халықты қолжетімді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Ал МЖС – жеке инвесторлар үшін несімен тартымды?

Жеке бизнес үшін, МЖС-тің негізгі артықшылығы – мемлекет ұсынған серіктестің тұрақтылығы мен сенімділігі. Заң талаптарының сақталуына кепілдік береді, бұл коммерциялық тәуекелдерді, екі серіктес арасында бөлінетінін білдіреді. МЖС келісімдері, мемлекеттің міндеттемелері туралы, міндетті тармақты қарастырады. Ал инвестор – серіктестің құқықтары бұзылған жағдайда, санкциялар қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Тұрақты жағдайда да, дағдарыс жағдайында да, мемлекет ең сенімді серіктес болып табылады. Бұл дегеніміз – инвестор заңды оқиғалардан және екінші тарап өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамауынан қорғалған.

Тегтер: