Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:53, 12 Қаңтар 2022

Қызылорда облысында 100-ден аса адам оқ-дәрі, есірткімен ұсталды

None
None

Қызылорда облысында күзетшілер 100-ден аса адамды оқ-дәрі, есірткімен ұстады, — деп хабарлайды  Polisia.kz.

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан қылмыскерлерді анықтау, ұстау бойынша барлау-іздестіру іс-шаралары Қазақстанның барлық қаласында жалғасып жатыр.

"ҚР Ұлттық ұланы арнайы мақсаттағы бөлімшесі Қызылорда облысында Полиция департаменті және ҰҚК қызметкерлерімен бірігіп, лаңкестікке қарсы операция жүргізу барысында жаппай тәртіпсіздікке  қатысқан 100-ден аса адамды ұстады. Нәтижесінде 1 қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ, есірткі тәркіленді", — делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ұсталғандарға қатысты мән-жайды одан әрі тергеу үшін жұмыс істеп жатыр.

Тегтер: