Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:14, 18 Сәуір 2022

Қызылорда облысының жаңа әкімі кеңесшілерден бас тартты

None
None

Қызылорда облысының жаңа әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кеңесшілерден бас тартты.

Аймақ басшысы облыс әкімдігінің кеңейтілген жиын отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес  мемлекеттік аппаратты оңтайлы және тиімді ету мақсатында бағыттас басқармаларды біріктіретінін мәлімдеді.

24 басқарманың 8-і қысқарып, облыс әкімдігінің құрылымында 16 басқарма қалатынын жеткізді. 

 «Өздеріңіз білесіздер, өңірде 24 облыстық басқарма жұмыс жасайды. Енді, соның 8-і қысқарып, облыс әкімдігінің құрылымында 16 басқарма қалатын болады. Қабылданған шешім қызметтердің қайталануын жоюға, жалпы жұмыс мөлшерінің тепе-тең реттелуін қамтамасыз етуге және басшылық құрамды оңтайландыру есебінен әкімшілік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Дәл осылай қала және аудан әкімдіктерінің де құрылымын өзгерту қажет», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Нұрлыбек Нәлібаев әкім аппаратында алдағы уақытта облыс әкімінің штаттағы және штаттан тыс кеңесші лауазымдары болмайтынын мәлімдеді.«Бұдан әрі облыс әкімінің штаттағы және штаттан тыс кеңесші лауазымдары болмайды. Кез келген адамға кеңесші деген куәлікті тарата беруді қоюымыз керек. Біздің кеңесшіміз – халық!», — деді облыс әкімі.

Тегтер: