Қызылордада құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

08.01.2019, 21:41

242

Қазіргі күні қыс пен көктем айларында мінез танытатын Сырдариядағы жағдай бірқалыпты. Үлкен судан ауыл-аймақтарға төніп тұрған қауіп жоқ деуге болады. Дегенмен, күннің жылуына байланысты құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Дария жағасында 425 арнайы техника 56 қауіпті учаскені күзетуге кірісті. Жалпы, мұндай жұмыстар сең жүріп кеткенше жалғасады.Өткен жылы Сырдария айтарлықтай асау мінез танытқан жоқ. Соның өзінде Қазалы ауданында бірнеше әлеуметтік нысандарды топаң су шайып кеткен болатын. Мектеп пен балаларға арналған жазғы лагерь кейіннен ретке келтірілді. Биылғы жылы да осы ауданның тұсында төтенше жағдай орын алып, 60 гектар жайылымдық жерге залал келді.«Қазір су Қызылорда қаласының тұсында 30-35 сантиметрге төмен. Былтырғы жылмен салыстырғанда қазір Шардара су қоймасында бір миллиард кубқа артық су жиналып отыр. 400 куб су Көксарай су қоймасы алып жатыр. Біздің территориямызға бүгінгі күні 500 куб су берілуде. Қауіпті аймақтардың барлығы қазір қатаң бақылауға алынып отыр. Төтенше жағдайдың орын алмауы үшін дайындық жұмыстары талапқа сай жүргізілді», — деп мәлімдеді Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит ЖАҢАБАЕВ. Айта кету керек, 2018 жылы облыстық бюджеттен 225 миллион теңге бөлініп, 22 қауіпті участок қалпына келтірілді. Ал, 2019 жылы 23 қауіпті аймақ 448 миллион теңгеге ретке келтірілетін болады.Фото: vk.com
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28