Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:38, 13 Желтоқсан 2018

Қызылордадағы Абайдың шкафы

Мына шкаф Абай Құнанбайұлынікі. Тереңөзекке қалай келген?Шкафты музейге Сырдария ауданындағы А.
Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек ІСКЕНДІРОВ табыс еткен екен. Ахметбектің айтуынша, Зере оған нағашы әже болып келеді. Бірде Құнанбайдың туысы, Тұрған есімді әйел адам ауылына төркіндеп барғанда, Абай естелік ретінде аталмыш шкафты тарту еткен көрінеді.– Одан кейінгі жылдары ол кісі (Тұрған) қыз босанып, оған Абайдың әжесі Зеренің есімін қояды. Бүлдіршін Зере бой жетіп, Сыр өңіріне келін болып түскенде осы шкаф жасауымен бірге келеді, – дейді аудандық өлкетану музейінің қызметкерлері Әділбек ШӨЖИЕВКЕ.Осылайша Ахметбек Іскендіров қаншама жыл көзінің қарашығындай сақтап келген дүниені аудандық өлкетану музейіне табыс еткен.Қызылорда облысы Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігерлер аз емес екен. Тамашалап қайтуларыңызғаЕрболат ТҰРСЫНҚОЖАНЫ facebook.com әлеуметтік желіснідегі жазбасы.  
Тегтер: