Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:10, 22 Сәуір 2023

Қызылордадан солтүстікке қоныс

None
None

Сыр елінен солтүстік өңірлерге қоныс аударушылар саны артып келеді.

Қызылордаға арнайы қоныстандыру мәселелерімен келген Қостанай, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарының жұмыспен қамту басқармасының мамандары қоныс аударушыларға мемлекеттен көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтып берді.

Мамандардың айтуынша, солтүстік өңірлерден 3000-ға жуық экономиканың әртүрлі салалары бойынша бос жұмыс орындары бар. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, зоотехник, механизатор, техника қауіпсіздігінің инженері, инженер-механик, көмір және цемент зауытының машинисті, электргазбен дәнекерлеуші, орау машинасының операторы, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері оқытушы, құрылыс және монтаждау жұмыстарының шебері, кең профилді станокшы, техник, аспазшы, жүргізуші, автоэлектрик, дәнекерлеуші, іс жүргізуші, аудармашы, бухгалтер, еден жуушы, ветеринарлық санитар мамандары қажет. 

Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаеваның айтуынша, облыстан солтүстік өңірге 2014 жылдан бері 2000-ға жуық отбасы қоныс аударған.

— Мәселен, өткен жылы 187 отбасы қоныс аудару квотасына енгізілді. Сондай-ақ қоныс аударғандардың 221-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Алты адам жеке кәсібін ашса, екі адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. 9 адам мемлекеттік грант алса, 1 адам қысқа мерзімді оқудан өтті. Ал биыл 19-21 сәуір аралығында Қызылорда облысына Солтүстік өңірлерден жұмыс берушілердің қатысуымен «Солтүстік өңірлердің жәрмеңкесі» атты кездесулер өткізуді бастады. Сонымен қатар,  Ұлттық жобамен ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары жіті жүргізілуде. Сәйкесінше, қоныс аударушыға және оның әрбір отбасы мүшелеріне — бір рет 70 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Мұнан өзге, экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын-үйді сатып алуға, салуға немесе алғашқы жарна ретінде пайдалануға тұрғын-үй құнының 50 пайызын 4 млн. теңгеден аспайтын сомада ұсынылады. Қоныс аударушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек беріледі, — дейді басқарма басшысының орынбасары

Бұған қоса, қоныс аударушыларды қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға оқытуда ойластырылған.

Тегтер: