Қызылордалық еріктілер оттегі баллондарын қажетті ауруханаларға жеткізіп жатыр

Пандемиябасталғалы бері Қызылорда облысында коронавирус ауруынан 7 адам қайтыс болды.
Емделгендертізімінде 1200-ден астам қызылордалық бар. Облыста COVID-19 вирусымен 1 784жағдайы тіркелді. Осыншама адам жұқпалы аурулар мен провизорлық стационарлардажатыр. Жағдай пневмонияның өршуіне байланысты шиеленісе түскен болатын.
Карантинрежимінің дұрыс сақталмауы салдарынан COVID-19 және вирустық пневмония ауруыныңкүрт артуы бақыланған болатын. Екі мыңнан астам қызылордалықтар бүгінде пневманияменауырып жатыр. Осы уақытқа дейін 200-ден астам адам ауруды жеңе алды. Қазірдіңөзінде қиын жағдай медициналық жабдықтардың жетіспеушілігіне байланыстыкүрделене түсті. Атап айтқанда, жасанды желдеткіштер жетіспейді. Қазір олардыңауруханалардағы саны едәуір артуда. Бұл мақсатқа бюджеттен басқа, демеушілікқаражат та тартылды.
«Бұлқоғамның міндеті», — дейді еріктілердің бірі Рахымжан. – Біздің қатарымызда100-ден астам еріктілер бар. Кейде санитарлық талаптарға байланысты баллондардытасымалдайтын автобустар ауруханаға кіруге мүмкіндік бермейді. Сондықтанбаллондарды қолмен тасуға тура келеді. Күніне 20-дан астам баллондартасымалданады.
АйнаМұхамбетова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
— Бізде үш вентилятор болды, тағы 15-20-ынатапсырыс бердік. Олардың көмегімен біз емдеу сапасын жақсартып қана қоймай,пациенттерді реанимациясыз қалпына келтіру процесін тездете аламыз. Дертпенкүресуге аймақтың кәсіпкерлері мен еріктілері көмектесуде. Кәсіпкерлержелдеткіш сатып алуға 10 миллион теңгеден астам қаражат бөлді, еріктілероблыстық медициналық мекемелерге оттегі баллондарын уақытында жеткізугекөмектеседі.
Ерік Жүнісов, оттегі баллондарын шығаруцехының директоры:
— Кәдімгі күндері 30-35 баллон жеткізілді. Қазір қалалық аурухана күніне 170оттегі баллоны қажет, облыстық көпсалалы ауруханаға – 70-ке дейін, перинаталдыорталық үшін де сондай мөлшерде қажет. Мәселе оларды жеткізуде болып отыр. Онышешуге жергілікті билік көмектесті.
ТалғатЖұматов, кәсіпкер:
«Егермұндай көмек, ең болмағанда, бір адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетінболса, бұл біз үшін ең жоғары марапат. Біз тоқтамаймыз. Біз кез-келгенқолдауға, қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Осы ретте, қазіреріктілер мұқтаж азаматтарға дәрі-дәрмек жеткізуге көмектесуде».
Еркежан АРЫН