Қызылордалықтар жылуға 307 млн теңге қарыз

24.11.2017, 20:44

559

Қызылордалықтар тұтынған жылу ақысын төлей алмай отыр. Бұл күнде қарыздың жалпы сомасы 307 миллион теңгені құрайды. Бұл ондаған жылдардан қордаланған қарыз.

Қыс түссе бүрсеңдеп, үйден шыққысы келмейтін жұртшылық тәнін жылытар жылуды тұтынып-ақ келеді. Биыл 15 қазанда көпқабатты тұрғын үйлер жылытыла бастады. Уақытылы берілгенмен жыл сайынғы жиналып қалған қарыз шымбайға батып тұр. Тіпті, осыдан біраз уақыт бұрын қызметкерлердің жалақысы да уақытылы берілмеді деп үлкен мәселе көтерілді.– Бұл қарыздың 80 пайызы өткен жылдардан қалған. Жиырма пайызы ғана биыл құралды. Көпқабатты тұрғын үйлерден бөлек жеке кәсіпкерлер бар, олар 60 миллион теңге қарыз. Біз мемлекеттік мекеме емеспіз, сондықтан өз шығынымызды өзіміз жабуымыз керек. Бұл ретте қарыз алдымыздан кесе көлденең мәселе болып тұр, — дейді «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің басшысы Руслан Нұрмағанбетов.

Борышкерлер арасында бір өзі 800-900 мың теңге қарыз тұрғындар да бар екен. Бір маусымда орта есеппен 30-40 мың теңге төленетін болса, демек 10 жылдап жылу ақысынан жалтарғандар да бар деген сөз.

Енді жылу беретіндер сот арқылы өндіріп алуға кіріскен. Алайда, оған да жауапсыздық танытып жүргендер бар көрінеді.Дәулет ҚЫРДАН,Қызылорда облысы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16