Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:53

Ірі көлемдегі қаржы жымқыруға күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Е
Фото: скриншот

Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген азамат Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды.

Ведомство хабарлауынша, Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен күдікті елге қайтарылған. Ол сеніп тапсырылған қаражатты ірі көлемде ысырап ету арқылы жымқырды деп айыпталып отыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, компания басшысы алдын ала сөз байласқан топ құрамында әрекет етіп, мемлекеттік сатып алу талаптарын бұза отырып, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықтарды жалға алу бойынша заңсыз келісімшарт жасаған. Соның салдарынан «Транстелеком» АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған, сол себепті халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл наурыз айында ол Грузияда ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы негізінде елге жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Тегтер: