Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:29, 28 Қыркүйек 2023

Рамзан Қадыров Кремльде Путинмен кездесті

Рамзан Қадыров Путин
Фото: Кремльдің ресми сайты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. 

Бұл туралы Кремльдің ресми сайты хабарлады.

«Қайырлы күн, Рамзан Ахматұлы. Бүгін сізбен Шешенстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы туралы сөйлесуге келістік. Жалпы жағдай оң. Бұған сіздің және сіздің командаңыздың үлесі зор. Сіз үнемі айтып жүрген тақырыптар бойынша бірқатар маңызды бағдарламалар мен тапсырмалар бар. Кездесуге сұрақтар дайындағаныңызды білемін. Рахмет», - деп келтірген Путиннің сөзін Кремльдің ресми сайты.

 

Рамзан Қадыровтың да сөзі жарияланды.

«Владимир Владимирович, кездесуге уақыт бөлгеніңізге рахмет. Республикадағы жағдайды айтпас бұрын, арнайы әскери операция басталғаннан осы уақытқа дейін атқарған істерімізге тоқталып өтейін. Мен сондай-ақ біздің гуманитарлық және майдан даласындағы әрекеттеріміз туралы аздап мақтанғым келеді.

Біздің отряд жақсы нәтиже көрсетуде, тұтқындар күн сайын қабылдануда, техникалар жойылып жатыр. «Абрамс» біз үшін қорқынышты емес. Жауынгерлердің көңіл-күйлері жақсы. Біз олардың барлық мәселелерін шешіп жатырмыз. Операция басталғаннан бері біз 1100-ден астам техника сатып алдық, оның 100-ден астамы броньды техника», - деді Қадыров Путинмен кездесу барысында.

Кремль жариялаған хабарламада оның қайтадан толықтырылатыны айтылған.

Айта кетейік, Рамзан Қадыров Путинмен денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат тарағаннан кейін алғаш рет кездесті. Сондай-ақ, 25 қыркүйекте Қадыров өз арнасында Құран данасын өртегені үшін қамауға алынған ұлы Адам Қадыровтың тергеу изоляторында Никита Журавлевті ұрып-соғып жатқаны түсірілген видеоны жариялағанда, оның төңірегінде тағы дау туды.